Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

NVIDIA басшысы Қытай барлау қызметімен байланысы туралы ақпараттан кейін әйеліне опасыздық жасағанын мойындады

0

NVIDIA бас директоры Дженсен Хуанг некеден тыс қарым-қатынаста болғанын мойындап, отбасы мен компания қызметкерлерінен кешірім сұрады. Бұл оқиға оның жақын айналасында Қытайдың барлау агенті болғандығы туралы БАҚ-тағы хабарламалармен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Axios сайтына сілтеме жасап.

"Әйеліме опасыздық жасадым. Осы іс-әрекетім арқылы оның және біздің балаларымыздың жанын ауырттым. Бұны ақтауға келмейді", - деп келтіреді басылым NVIDIA басшысының компания қызметкерлеріне жазған хатын.

Сонымен қатар графикалық процессорлар шығаратын америкалық өндіруші тәуелсіз тергеу бастайтынын жариялады.

"NVIDIA директорлар кеңесі компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангтың шетелдік барлау операциясының нысанына айналғаны туралы жақында шыққан хабарламалардан кейін тәуелсіз тергеу бастады", - делінген компания мәлімдемесінде.

Құжатта директорлар кеңесінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне немесе компания құпияларына қауіп төнді дегенге негіз жоқ екені атап өтілген.

"Дженсен Хуанг тергеуді толық қолдайды және оған ықпалдастық танытуға уәде берді. Директорлар кеңесі Дженсен Хуанг пен оның басқарушы тобына деген сенімін сақтап отыр және алдағы уақытта жағдайдың қалай өрбитінін қажет болған жағдайда хабарлап отыратын болады", - делінген мәлімдемеде.

Компания өкілі Джон Риццо Дженсен Хуан жанжалға қарамастан, өз жұмысын жалғастыру ниетінде екеніне сендірді.

"Бүгінгі жаңалықтар NVIDIA қызметінің қарқынын бәсеңдетпейді. Дженсен Хуанг компанияны бас директор ретінде, еш үзіліссіз, әрі қарай да басқара бермек", - деді Риццо.

NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг және әйелі Лори Хуанг. Фото: reddit.com
Бұған дейін New York Times және Financial Times басылымдары NVIDIA басшысы мен АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлауының агенті деп санайтын әйел арасындағы "романтикалық қарым-қатынас" туралы хабарлаған болатын.
Басылымдар мәліметінше, Megaspeed компаниясының басшысы Элис Хуанг тыңшылықпен айналысуға және АҚШ-тың Қытайға жасанды интеллект (ЖИ) чиптерін экспорттауға қатысты шектеулерін айналып өту әрекеттеріне тартылған. Басылымдар сілтеме жасаған дереккөздерге сәйкес, АҚШ арнайы қызметтері Хуангты кем дегенде бір жыл бойы электронды бақылауда ұстаған.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса