Қазақстан экономикасы өсті: қай салалар жылдам дамып келеді?
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны үдеді: 2026 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5 пайызды құрады. Фармацевтика, машина жасау және дайын металл бұйымдарының өндірісі ең жоғары көрсеткіштерге ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.Қай салалар ең жоғары өсім көрсетті?
Экономикалық өсімге негізгі үлесті шикізаттық емес сектор қосты, ол алдын ала бағалау бойынша 5,6 пайызға артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5 пайызға ұлғайды.Өңдеу секторы ерекше серпін көрсетті. Он айдың ішінде оның өсімі тоғыз айдың қорытындысындағы 8,6 пайызбен салыстырғанда 9,3 пайызға дейін артты.
Салалар арасында мыналар көш бастады:
фармацевтика өнеркәсібі - 50,9 пайыз өсім;машина жасау - 22,2 пайыз;дайын металл бұйымдарын өндіру - 30,4 пайыз;химия өнеркәсібі - 21,9 пайыз;резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру - 18,1 пайыз;тамақ өнімдерін өндіру - 13 пайыз;құрылыс материалдарын өндіру - 5,4 пайыз.
Экономиканың басқа секторларындағы жағдай қандай?Құрылыс, көлік және сауда салалары да оң динамика көрсетті. Қаңтар-қазан айларында құрылыс 13,1 пайызға, көлік және қоймалау - 7,5 пайызға, сауда - 6,2 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығындағы өсім 5,2 пайызды, байланыс саласында 4,9 пайызды құрады.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялады. Ел бойынша жолдар, ауруханалар, мектептер, стадиондар және басқа да нысандар салынады. Бұған қажетті қаражаттың басым бөлігі - 6,5 триллион теңге Ұлттық қордан бөлінеді. Қаражат 2029 жылға дейін транштармен бағытталады.
Бұдан соң үкімет бұл шығындардың инфляцияға әсерін бағалады. Есептеулер бойынша, 6,5 триллион теңгенің бөлінуінен болатын фискалдық серпін 12 ай ішінде баға өсіміне 0,8 пайыздық тармаққа дейін қосуы мүмкін.
