Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Қызыл-Жар“ ФК бұрынғы президенті Лорияға іздеу жарияланды: істің мән-жайы белгілі болды

0

Қазақстандық "Қызыл - Жар" футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық істің егжей-тегжейін ашып көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚМА мәліметінше, Григорий Лория жалпы сомасы 414 миллион теңгеден асабюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

"ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеу жариялады. Іздеуде жүрген азамат: Лория Григорий Отарович, 1954 жылғы 18 наурызда туған, Қазақстан Республикасының азаматы, "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубы" ЖШС-нің бұрынғы президенті", - делінген хабарламада.

Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден ҚМА кезекші бөлімінің +7 7172 70 84 78 телефонына хабарласу сұралды.

Тергеу нұсқасы бойынша ақша қалай жылыстатылған?
2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген. Тергеу мәліметінше, Лория клубтың бас бухгалтерімен және басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласып әрекет еткен. ҚМА нұсқасы бойынша, олар жалған қаржылық құжаттарды пайдаланып, негізсіз ақша аударымдарын жеке шоттарға ұйымдастырып отырған.
Сонымен қатар, тергеудің мәлімдеуінше, бухгалтерлік және салықтық есептілікке көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Атап айтқанда, декларацияларда қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және жиынтық жылдық табыс төмендетіп көрсетілген.
Айта кетейік, Григорий Лория - футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лорияның әкесі. Давид Лория да бірқатар қазақстандық клубта ойнаған, ал спорттық мансабын аяқтағаннан кейін футбол менеджментімен айналысты. 2024 жылдың маусым айында ол елордалық "Жеңіс" клубының бас директоры болып тағайындалды.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса