Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

24 жастағы алматылық әйел бірден 29 қылмыстық іс бойынша тексеріліп жатыр

0

Трейдинг арқылы табыс табу туралы уәде Тараз тұрғыны үшін 1,9 миллион теңге шығынмен аяқталды. Әйел жоғары табыс туралы ұсынысқа сеніп, несие ресімдеген және ақшаны өзін инвестор ретінде таныстырған адамға аударған. Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта оның 29 қылмыстық іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

50 пайыз табыс уәде еткен

Полицияның мәліметінше, Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны трейдингке тиімді инвестиция салу туралы ұсынысқа қызығушылық танытқан. Оған 50 пайыз көлемінде табыс уәде етілген.

Уәделерге сенген әйел банктен несие алып, өзін инвестормын деп таныстырған адамға 1,9 миллион теңге аударған. Алайда ол күткен пайдасына қол жеткізе алмады. Керісінше, салған қаражатын қайтара алмай, мәселеге тап болған.

Күдіктінің 29 іске қатысы тексеріліп жатыр

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ұсыныстың артында Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны тұрған. Оны Ақтөбе облыстық ПД қызметкерлері алаяқтық деректері бойынша 29 қылмыстық істі тергеу аясында ұстады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция қазақстандықтарды тез табыс табу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық жобалар үшін несие рәсімдемеуге шақырды.

Бұған дейін ІІМ Қазақстандағы интернет-алаяқтықтың ең көп таралған үш схемасын атаған болатын. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен банктер атынан қоңырау шалу, инвестициялық жобаларға ақша салу туралы ұсыныстар, сондай-ақ интернетте сауда жасау кезіндегі алдау әрекеттері бар. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса