Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда бюджет қаржысы тиімді жұмсалуын қадағалайтын арнайы комиссия құрылады

0

Қазақстанда "Халықтық құрылыс" жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуын қадағалайтын арнайы Мемлекеттік комиссия құрылады. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазір біз жаңа тарихи кезеңге қадам бастық. Енді бір орында тұрып қалуға, бұрынғы жетістіктерді місе тұтып, арқаны кеңге салуға хақымыз жоқ. Әділетті Қазақстанды құру ісінде жалқаулық пен селқостыққа бой алдыруға болмайды.Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт нысандарын қоса алғанда, барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары сапалы салынуы тиіс екенін атап өтті.

"Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады. Осылайша, біз халықтың әл-ауқатын арттыруды және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін түпкі мақсатымызды жүзеге асыруды бастаймыз.Осы істе Конституциямызда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары айнымас темірқазығымыз болады. Әрине, бұл жол оңай болмайды. Тіпті түрлі қиындықтар да кездесетіні анық. Халқымыз "Жол мұраты – жету" деп бекер айтпаған. Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз", - деп түйіндеді Тоқаев.

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.
Президент мұны мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай деп атап, ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігін мәлімдеді.
Тағы оқыңыз: “Өзіміздікі, өзіміздікі емес деп бөлуге жол берілмейді“: Президент жемқорлықпен күрес туралы айтты


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса