Қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман: 22 қарашада ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері жексенбі, 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың солтүстік және орталық облыстарында тұман, көктайғақ және аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысы мен оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Елдің әртүрлі аймақтарында температура түнде аздаған аяздан күндіз 20 градус жылыға дейін құбылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Абай облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз өңірдің солтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 2–7 градус аяз, күндіз 3–8 градус жылы болады. Облыстың оңтүстігінде күндіз 11 градусқа дейін жылынады.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы болады.
Ақмола облысының батысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Ал солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 3–8 градус жылы болады.
Көкшетауда күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 4–9 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 0–2 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр облыстың оңтүстігінде, шығысы мен орталығында жалғасады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, ал облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Түнде 1–6 градус жылы, солтүстік-шығысында 2 градус аяз болады. Күндіз ауа температурасы 4–9 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде 3–5 градус, күндіз 6–8 градус жылы болады.
Алматы облысының солтүстігінде түнде және таңертең аздаған жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8 градус жылы, таулы аймақтарда 2–7 градус аяз болады. Күндіз 13–18 градусқа дейін жылынады. Ал таулы өңірлерде 3–8 градус жылы болады.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 3–5 градус, күндіз 13–15 градус жылы болады.
Атырау облысының шығысында жаңбыр жауады. Батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–7 градус, күндіз 8–13 градус жылы болады.
Атырауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1–6 метрді құрайды. Түнде 5–7 градус, күндіз 9–11 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3–8 градус аяз, таулы аймақтарда 12 градусқа дейін суық болады. Күндіз 3–8 градус жылы, ал таулы өңірлерде 1 градус аяз болады.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы болады.
Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр, таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы өңірлерінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде 7–12 градус, таулы аймақтарда 2 градус жылы болады. Күндіз 14–19 градусқа дейін жылынса, таулы өңірлерде 10 градус жылы болады.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7–9 градус, күндіз 17–19 градус жылы болады.
Жетісу облысының батысында, солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ал өңірдің шығысы мен таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде 1–6 градус жылы, шығысы мен таулы аудандарында 5 градус аяз болады. Күндіз 12–17 градус жылы, ал шығысы мен таулы өңірлерінде 8 градус жылы болады.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–3 градус, күндіз 15–17 градус жылы болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1–6 градус, күндіз 6–11 градус жылы болады.
Оралда күн бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2–4 градус, күндіз 6–8 градус жылы болады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Өңірдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс және шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы болады. Күндіз 6–11 градус, ал шығысында 3 градус жылы болады.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс және шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0–2 градус, күндіз 6–8 градус жылы болады.
Қостанай облысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 4 градус жылы аралығында, күндіз 3–8 градус жылы болады.
Қостанайда күн бұлтты, түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0–2 градус, күндіз 3–5 градус жылы болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, шығысы мен орталық бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Түнде 1–6 градус, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы болады. Күндіз 13–18 градусқа дейін жылынады. Ал солтүстігінде 8 градус жылы болады.
Қызылордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді. Түнде 4–6 градус, күндіз 15–17 градус жылы болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен орталық бөлігінде жаңбыр жауады. Кей уақыттарда жаңбыр күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-шығыс және солтүстіктен секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10 градус, күндіз 10–15 градус жылы болады. Ал облыстың солтүстігінде 7 градус жылы болады.
Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыс және солтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 8–10 градус, күндіз 12–14 градус жылы болады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–7 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы болады. Ал облыстың солтүстігінде күндіз 1 градус аяз күтіледі.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 5–7 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, ал облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде 2–7 градус аяз, батысында 1 градус жылы болады. Күндіз ауа температурасы 0–5 градус жылы болады.
Петропавлда күн бұлтты, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде 8–13 градус жылы, солтүстігі мен таулы өңірлерінде 4 градус жылы болады. Күндіз 15–20 градусқа дейін жылынса, таулы аймақтарда 9 градус жылы болады.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7–9 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады.
Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең аздаған қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0–5 градус, күндіз 6–11 градус жылы болады. Ал облыстың оңтүстігінде күндіз 14 градусқа дейін жылынады.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Арагідік тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысып, жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде 1–3 градус, күндіз 9–11 градус жылы болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 8–10 градус, күндіз 18–20 градус жылы болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5–7 градус, күндіз 15–17 градус жылы болады.
Қаланың Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, күндіз 3–8 градус жылы болады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы болады.
