Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда Президент жанындағы екі мекеме біріктіріледі: не өзгереді?

0

Қазақстанда Президент архиві қайта ұйымдастырылады, оған Президент орталығы қосылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жарлыққа сәйкес "Қазақстан Республикасы Президентің архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасының Президент орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылады.

Архивтің штат саны - 293 адам

Жарлық бойынша Президент архиві туралы ереженің жаңа редакциясы да бекітілді. Құжатта мекемедегі штат саны 293 деп айқындалған.

Архив Ұлттық архив қоры құжаттарын, сондай-ақ, кітапхана басылымдары мен музей заттарын сақтау, есепке алу, жүйелеу және пайдалану жұмыстарын жалғастырады.

Архивтің негізгі міндеттерінің бірі - қорды Президенттің, Президент әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметіне қатысты құжаттармен толықтыру. Мекеме ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық жұмыстармен де айналысады.

Мекеме жұмысында не өзгереді?

Президент архиві қазіргі Президенттің жеке архиві, кітапханасы мен музей жинағы, сондай-ақ, заңда көзделген тәртіппен экс-президенттердің архивтері, кітапханалары мен музей жинақтары сақталуын, зерттелуін қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, мекеме Қазақстан тарихын, мемлекеттілік, мемлекеттік басқару жүйесі мен президенттік институт дамуын зерттеп, осы бағыттағы білімді таратады.

Үкімет пен Президент Іс басқармасына жарлықты орындау үшін шаралар қабылдау тапсырылды. Оның орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық 5 қарашада, яғни қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті. Бұл - Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына қатысты тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтайтын консультативтік-кеңесші орган.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса