Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30

Депутат компанияларға қазақ руларының атауын беруге тыйым салуды ұсынды

0

Қазақстанда компаниялар мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеу кезінде қазақ рулары мен жүздерінің атауын қолдануға заң жүзінде шектеу қойылуы мүмкін. Бұл бастаманы Құрылтай мүшесі Аят Сүгірбай көтерді. Ол мұндай тәжірибе қоғамда рушылдық түсініктің қайта жаңғыруына әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, қазір түрлі шаруа қожалықтарын, серіктестіктер мен фирмаларды, кәсіпорындарды қазақ руларының атымен атау жиілеп кеткен.
Сүгірбай сілтеме жасаған "Заңды тұлғалар" мемлекеттік мәліметтер базасының ақпаратына сәйкес, Қазақстанда осындай атауы бар 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар. Олар негізінен 1996 мен 2005 жылдар аралығында тіркелген.
Депутаттың сөзінше, қазақ үшін ру тарихи тамырын танудың, жеті атасын білудің, ата-баба шежіресін құрметтеудің жолы. Алайда ру – елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес.

"Жекелеген кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға ру атауларын берудің кеңінен таралуы қоғамда рушылдық түсініктің қайта жаңғыруына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл – жай ғана атау мәселесі емес, керісінше, болашақ ұрпақтың дүниетанымына тікелей қатысты мәселе", - деді депутат.

Сонымен қатар ол ру атауларын коммерциялық қызметте пайдалану руаралық араздықты қоздыруы мүмкін екенін айтты. Мәселен, сондай кәсіпорындардың қызметіне, өніміне қатысты сын-пікір айтылса, наразылық болса, бірден сол рудың да өкілдеріне сөз тиеді.
Сүгірбайдың пікірінше, тарихи шежіремізді құрметтеу парыз, ал ру атауларын коммерциялық мүдденің құралына айналдыру қоғамды жікке бөлуге алғышарт қалыптастырады.

"Әділетті Қазақстанды құрып жатқан кезеңде жершілдікке, жүзге бөлінушілікке орын болмауы тиіс. Рушылдық тамыр жайған жерде әділ бәсекелестік әлсірейді, меритократия қағидаттары бұзылады, ортақ мүдденің орнына тар топтық мүдде алға шығады", - деп түйіндеді ол.

Бұл ретте депутат қолданыстағы заңнамада заңды тұлғаларды тіркеу кезінде қазақ руларының атауын пайдалануға тікелей тыйым салынбағанына назар аударды. Азаматтық кодексте заң талаптарына немесе қоғамдық моральға қайшы келетін атауларды пайдалануға шектеу қойылған.
Осыған байланысты Сүгірбай заңды тұлғаларды және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, ру және жүз атауымен аталатын ұйымдарды тіркеуге нақты шектеу қоюды ұсынды. Депутат Әділет министрлігінен заң жүзінде тыйым салу мәселесін қарастыруды сұрады.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса