17 адамды құтқарып қалған оңтүстікқазақстандықтың ерлігі 7 жылдан кейін ескерілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық өрт сөндіруші Дәулет Байқабылов жанып жатқан автобустан 17 адамды құтқарып қалған. Өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, жолаушыларды аман алып шыққан төтенше жағдайлар қызметкері «Ерлігі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
