Бағдат ауруханасындағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бағдат ауруханасындағы өрт салдарынан қаза тапқандардың саны кемінде 82 адамға жетті, тағы 110 адам зардап шеккен. Бұл жайында Baghdad Al Youm жаңалықтар порталы Ирак ІІМ ресми өкілі, генерал майор Халед әл-Михнаға сілтемемен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.