Қазақстанның Сыртқы істер министрі Жапонияда сапармен жүр
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Жапония» диалогының Сыртқы істер министрлерінің 9-шы кеңесіне қатысу үшін Токиоға сапармен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.