Петропавлда орыс мектептерінде қазақ сыныбы ашылғанымен, бала саны жетпей жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектептің әрбір төртіншісі ғана таза қазақ тілінде сабақ береді. Петропавлдағы үш орыс мектебінде қазақ сыныптары ашылғанымен, бала санын жеткізе алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.