Алматыда үздік полицейлердің суреттері LED экрандарда көрсетіле бастады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылықтар қаладағы үлгілі тәртіп сақшыларының суретін көшедегі LED экрандардан көре алады. Себебі Қазақстан полициясы күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан аясында Алматы қалалық ПД қызметтері мен бөлімшелерінің үздік қызметкерлерінің фотосуреттері лед-экрандар мен электронды бордтарда көрсетіліп жатыр.