Қызыл теңізде туристер мінген кеме батып кетті
Қызыл теңізде, Египеттің Марса-Алам курорты маңында, 25 қараша таңертең серуендеуге арналған кеме суға батып кетті. Кемеде 34 турист пен 14 экипаж мүшесі болған. Египет жағалау күзеті оларды құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Дүйсенбі күні кешке дейін 28 адамды құтқарылған, 17 адам әлі табылған жоқ, оларды іздеу жалғасып жатыр. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Төрт палубасы бар Sea Story моторлы яхтасы Қызыл теңізде бес күндік круизге шыққан. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 5.30 шамасында кеме апат туралы белгі берген. Читать дальше...