Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуден үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана (Қазақстан), Әбу-Даби (БАЭ) және Лима (Перу) су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқына үміткер болып отыр, деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне Халықаралық жүзу федерацияның атқарушы директоры (FINA) Корнел Маркулеску.
