Мы в Telegram
Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2020

Болашақ педагогтар онлайн білім беруге дағдыланып жатыр

0
Болашақ педагогтар онлайн білім беруге дағдыланып жатыр

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Birge oqý платформасында "Онлайн педагогика 2.0" арнайы курсынан өтіп жатыр, - деп хабарлайды осы оқу орнының баспасөз қызметі.

Болашақ педагогтар курс барысында қашықтан оқытудың терминологиясы мен негізгі қағидаларын және онлайн білім берудің жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгермек.

"Бұл жоба Тұңғыш Президент қоры мен Елбасы Академиясының бастамасымен жүзеге асырылуда. Кәсіби мамандар мұғалімдер мен студенттерге және ата-аналарға екі тілде дәріс береді. Айта кетейін, Birge oqý педагогтарға қашықтан білім берудің қыр-сырын түсіндіретін көмекші құрал іспеттес. Платформа уақыт өткен сайын онлайн білім беру әлемінде мұғалімнің бағыт беруші таптырмас серігіне айналып келеді. Дәріс барысында қашықтан оқытудың негізгі құралдары, нұсқаулықтары мен техникасы көрсетіледі. Сондай-ақ сабақты неден бастау керектігі жөнінде тиісті кеңестер айтылып, жұмысты ұйымдастырудың қарапайым тәсілдері ұсынылады. Бұл өз кезегінде Қыздар университетінің қабырғасында білім алып жүрген болашақ педагогтардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына септігін тигізбек", - дейді ҚызПУ-дың Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Курс соңында қатысушылардың қандай да бір пән бойынша арнайы жобасы болады, сонымен қатар үздік студенттер ауылдық мектеп оқушыларына арналған "El Úmiti" онлайн мектебінің тьюторы ретіндегі іріктеуге қатысады.

"Birge oqý жобасының негізгі мақсаты - қашықтан білім беру форматына көшуді оңтайландыру, мұғалімдер мен оқушыларға және олардың ата-аналарына онлайн оқыту барысында көмек беру, сапалы білім алуға мүмкіндік жасау", - дейді жоба авторлары.

Олардың айтуынша, дәріс кезінде ұзақ жылдар бойы онлайн білім беру саласында жұмыс істейтін, оның ерекшеліктері мен қағидаларын жете меңгерген отандық педагогтардың тәжірибесі ескеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев о победе на "Мастерсе" в Мадриде: у меня нет слов






Как китайцы снимали сериал со Сталиным и почему в их версии вождь матом посылает министра СССР

Пилоты "России" провели "Бессмертный полк" во время тренировочного полёта

Проверку воздуха провели в Новой Москве

Банки могут обязать согласовывать кредиты с родственниками клиентов. Как это будет работать