Мы в Telegram
Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2020

Экзит-полл Лукашенконың 79,9% дауыс алғанын хабарлады. Елде наразылық күшейді

0

Беларусьте президент сайлауында дауыс беру аяқталып, мемлекеттік экзит-полл қазіргі президент Александр Лукашенконың 79,9 пайыз дауыс алғанын хабарлаған соң елде мыңдаған адам наразылыққа шықты.

Ұлттық экзит-полл Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская 6,8% дауыс жинағанын мәлімдеді. Жұрттың көбі мемлекеттік экзит-полл нәтижесімен келіспейді.

Тихановская 9 тамыздағы баспасөз мәслихатында Минскіде кем дегенде үш сайлау учаскесінде басым дауыспен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Шетелдегі учаскелердегі дауысты санаған альтернатив сауалнама нәтижесі бойынша, басқа елдердегі учаскелерде Светлана Тихановская жеңіске жеткен. Экзит-полл ұйымдастырушылардың ақпаратынша, шетелдегі 19 сайлау учаскесіндегі дауыс санаудан кейін Тихановская 79,69% дауыс алған. 10,59% сайлаушы дауыс берудан бас тартқан. Лукашенко 6,25% дауыс иеленген.

9 тамыз кешке елде наразылық күшейді. Беларусь ақпарат агенттіктері, Telegram каналдар арнайы жасақ (ОМОН) көшеде адамдарды жаппай ұстағанын хабарлады. Минск қаласында наразылық кезінде арнайы жасақ пен наразылар қақтығысты.

Ел астанасының орталық көшелері жабылған. Метро жұмысы да тоқтады. Көшедегі жарық сөндіріліп, наразылар ұялы телефондарының жарығын қолданды.

TUT.by сайтының таратқан видеосында арнайы жасақ жұртты резеңке cойылмен ұрып жатқаны көрінеді. Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, арнайы жасақ жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Кейбір ақпарат агенттіктері наразыларға резеңке оқ атқанын хабарлады. Интернетте тараған видеоларда атылған қару дауысы естіледі. Зардап шеккендер де бар. Наразылардың көбі "Кет! Кет!", "Масқара! Масқара!" деп айғайлады.

Могилев, Гродно, Лида, Барановичи, Жодино қаласында да халық наразылыққа шықты.

Тәуелсіз сарапшылар бұл сайлауда Лукашенконың 50 пайыздан аз дауыс жинағанын, биліктің сайлауды әділ өткізбегенін айтады.

Минскідегі, басқа елдердегі сайлау учаскелерінде ұзын сонар кезек пайда болып, көп адам дауыс бере алмады. 9 тамыз түс ауа Минск қаласында әскери көліктер мен полиция, арнайы жасақ көбейді. Сайлау алдында, сайлау күні арнайы жасақ елде жүздеген адамды ұстады. Дауыс беру күні елде интернет бұғатталды.

Биылғы сайлау елді 26 жыл басқарып отырған Александр Лукашенко үшін қиынға соғып жатыр. Сайлау алдында елде оған қарсы наразылық күшейді. Жұрттың көбі елде өзгеріс болғанын қалайды.

Лукашенконың негізгі қарсыласы ретінде Светлана Тихановская күйеуі Сергей Тихановскийдің орнына түсті. Танымал видеоблогер Тихановский осы жылдың мамыр айында президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген соң, қамауға алынып, сайлауға жіберілмеген.

Билік оппозициялық саясаткерлер Виктор Бабарико мен Валерий Цепкалоны кандидат ретінде тіркемей қойды. Бабариконы ұлымен бірге қамап тастады, Цепкало Ресейге кетті.

9 тамызда Цепкалоның әйелі Вероника Цепкало да Беларусьтен Ресейге кеткені хабарланды.

Тихановскаяның сайлауалды қолдау акцияларына мыңдаған адам жиналды. Мәселен, Минскідегі Тихановскаяның митингіне, еріктілер есебінше, 63 мыңдай адам жиналған.

Лукашенко сайлау алдында саяси қарсыластарын "шетел агенттері", "шеттен ақша алып отырған қуыршақтар" деген.

ЕҚЫҰ және тәуелсіз бақылаушылар Беларусьтегі сайлауларды мойындамаған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Уимблдон

Финалистка юниорского Уимблдона-2023 получила временное отстранение за допинг






Как российские турбины потеснили Siemens

Северянка Лада Еськина – бронзовый призер первенства России по боксу

Часть электричек из Твери изменит свое расписание, некоторые будут отменены

Два автомобиля столкнулись на Северо-Восточной хорде МСД