Қазақстанда Арал теңізі туралы жаңа деректі фильм түсіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кезінде әлемдегі алып теңіздердің қатарына кіретін Аралдың экологиясы бүгінде алаңдатарлық жағдайда. Осыған қарай елімізде Арал мен оның проблемаларына қатысты көптеген еңбектер жазылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, деректі фильмдер де түсірілді. Бүгін міне, Арал мәселесіне арналған тағы бір деректі фильм түсірілгелі жатыр.