29 тамыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 тамыз күні антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек шығысында, күндіз батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.