Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2021

"Мал мен барда үшін өмір сүреміз". Жергілікті спирт зауытын жабылудан сақтап қалған ауыл тұрғындарының хикаясы

0

Бұл мақалада Ақмола облысындағы ауыл тұрғындарының арағымен танымал "Айдабол спирт зауытын" жабылудан қалай сақтап қалғаны баяндалады. Олардың зауытты қолдауына ішімдікке құмарлық емес, зауыттың ауыл өміріндегі маңызы себеп болған. Кәсіпорын адамдарға жұмыс, малға азық беріп, жергілікті мектепті, балабақшаны және емхананы жылумен қамтамасыз етіп отыр. Азаттық тілшісі Айдабол ауылына барып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.

БАРДАСЫЗ КҮН ЖОҚ

Спирт зауытындағы қазандықтың кірпіштен соғылған биік құбыры көрші Красиловка ауылынан көрінеді. Құбырдан шыққан түтінге қарап, зауыттың жұмыс істеп тұрғанын бірден түсінуге болады. Ауада ашытқының не наннан жасалған квастың қышқылтым иісі сезіледі.

Таңғы 7:30. Әлі күн шықпаған кез. Ауа температурасы -42 градусты көрсетіп тұр. Күндізгі ауысымда істейтін жұмысшылар бірнеше топқа бөлініп зауытқа қарай асығыс адымдап барады.

Зауыт жанындағы түбі бетоннан құйылған темір шұңқырлардан бу шығып жатыр. Бұл жерге сұйықтық құюға арналған цистернасы бар бірнеше трактор мен "КамАЗ" жиналған. Олар барданы құйып алуға кезекте тұр. Барда – этил спиртін өндіру кезінде сығылған бидай ашытқысынан шығатын сұйықтық. Айдабол ауылында бұл сұйықтықтың стратегиялық маңызы бар. Бес-алты пайыз құрғақ өнімнен тұратын сулы азық ақуыз бен табиғи құнарлы заттарға бай. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, бір литр спирттің өндірісінен он литрден астам барда шығады. Оны екі күн ғана сақтауға болады, сондықтан ауыл тұрғындары барданы малға ыстық күйінде береді. Бұл 40 градустық аязда малға азық болып ғана қоймай, суыққа да тоңдырмайды.

Ауылдың 30 жастағы тұрғыны Серік Баярин фотоаппараттың дыбысын елемей, тракторға жегілген бөшкесіне шлангіден қоңырқай түсті барданы құйып алып жатыр.

– Бұл жақта адамдар спирт қалдығының есебінен күн көріп, малын асырап отыр. Бидай қымбат, оның орнына барданы береміз. Ол ыстық, одан мал жақсы семіреді. Ол болмаса, малдың күйі кетеді. Әркім мал басына қарай алады. Мысалы, 30 малға тәулігіне үш тонна спирт қалдығы кетеді. Зауыт жабылып қалса, ауылдың да тіршілігі тоқтайды. Бәрі көшіп кетеді. Мұнда барда мен мал үшін ғана өмір сүреді! – дейді Баярин.

Зауыттың 60 жастағы темір ұстасы Мұратбек Жахин цинкпен қапталған биік қоршаудың ар жағынан барданы алып жатқан адамдарды сырттай бақылап жүр. Өзінің айтуынша, Мұратбектің әйелі де спирт зауытында істейді.

– Телеарна келді, бәрі шешілген сияқты. Жалақымыз қысқарған жоқ, – дейді Жахин.

Зауыт барданы үйге жеткізіп береді. Көше бойында әр үйдің алдына бөшке не цистерна қойылған. Олардан бу шығып тұр. Олар барданы уақытша сақтауға арналған. Тапсырыстың түскеніне қарай, трактор күніне бірнеше рет көше аралап, барданы құйып шығады. Зауыт жұмысшылары мал азығын тегін алады. Қалғандарға талон бойынша. 500 литрі шамамен 750 теңге (екі доллардан аз) тұрады.

– Бізде шөп аз. Ал малды бардасыз, құр сабанмен асырай алмайсың. Үш малыма күніне 150 литр жетеді. Одан бөлек, тағы 200 литрді артығымен ұстаймын. Зауыт біз үшін – жұмыс та, мал азығы да. Ауылда қалған жалғыз кәсіпорын. Салық та осы жерден төленеді, – дейді көшедегі барданы шелекпен сарайына тасып жатқан Леонид Лопатин.

Ауылдағы барлық әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етіп отырған зауыт қазандығында 30 жыл бойы пеш жағушы болған тұрғын үш ай бұрын жалақысы 80 мың теңгеге көтерілгенін айтады. Зауыттағы орташа жалақы – 50-60 мың теңге.

"КАТЯ АПАЙ" – ТАРИХТЫҢ КӨЗІ

Қаламқас Өсербаева 28 жылдан бері кітапханашы болып істейді. Жергілікті тұрғындар оны "Катя апай" дейді. Ол үш жылдан кейін зейнетке шығады.

Кітапханашы "қазір бір жерге хабарласуым керек" деп, стационар телефонға қолын созды.

– Алло, саламатсыз ба, белгілеп алыңыз, – деді де, тұтқаны қойды.

Өсербаеве жұмысқа келгенін аудан басшылығына күнде осылай ескертіп отырады.

Интернетте ауыл мен спирт зауытының тарихы туралы ақпарат аз. Кітапханашы там-тұмдап жинаған ауыл тарихы туралы деректерін көзінің қарашығындай сақтап келеді. Ауыл 1908 жылы спирт зауытының жанынан құрылған. Сол уақытта Ресейде бірнеше зауыты бар Геннадий Шмурло деген азамат Варшавадан құрал-жабдық әкеліп, спирт өндіре бастаған.

1914 жылға дейін зауыт тәулігіне 500 шелек спирт шығарған. 1917-1921 жылдары зауыт біресе қызылдардың, біресе ақтардың қолына өтіп, соңында большевиктердің иелігінде қалған. Мүлкі тәркіленген зауыт содан бері СССР тарағанға дейін мемлекеттік кәсіпорын ретінде жұмыс істеген. 1990-жылдары жекеменшікке өткен.

2000-жылдардың басында және ортасында зауыт жұмысы қарқынды жүріп, жылына 700 мың декалитр спирт өндіре бастаған. Зауыт өнімін оңтүстікте Алматы, Тараз қалаларына, Алматы облысына, солтүстікте Петропавл, Көкшетау, Рудненский арақ-шарап зауыттарына жіберіп отырған.

Кітапханашы туған ауылы мен зауыт тарихынан сыр шертетін екі негізгі жазбаша деректі: мектеп оқушысы Игорь Ольферттің (зауыттың қазіргі директоры Петр Ольферттің ұлы) 2003 жылы "Менің ауылым: тарихы, дамуы және болашағы" деген тақырыпта жазған рефераты мен Айдабол мал бордақылау совхозының бұрынғы экономисі Ілиясовтың "Айдабол спирт зауытының 100-жылдығына орай" дейтін 2008 жылы жариялаған монографиясын көрсетті. Аталған еңбектер советтік статистика мен ауылдағы көненің көзін көрген тұрғындардың әңгімесіне негізделген.

Бұл дереккөздерде Айдабол атауының шығу тарихы туралы бірнеше нұсқа қарастырылған. Бірінші нұсқа халықтың аузында жүрген әңгімелерге негізделген. Оған сәйкес, Айдабол есімді кедей жігіт байдың малын бағып жүріп, оның қызына ғашық болып қалады. Елден қашуға бел буған қос ғашықтың ізіне түскендер оларды аты жоқ өзеннің жағасында қуып жетеді. Қуғыншылар қызды әкесіне қайтарып, жігітті өлтіреді. Өзен атауы мен кейін судың жағасына қонған ауылдың аты осыдан шыққан деседі. Тағы бір аңызда бұрын осы өңірде Айдабол есімді батыр өмір сүрген делінеді.

Шындыққа жанасатын үшінші нұсқаға сүйенсек, Айдабол атауы қазақтың "айда" және "бол" деген екі сөзінен құралған. Бұрын қазақтар қытымыр қыстан кейін келген көктемді тойлап, жылқы жарыстырып, бәйге ұйымдастырған. Халық жарысқа қатысқан жігіттерді қолдап, "Айда! Бол!" деп айғайлайды екен.

Катя апай спирт зауыты жабылады деген жаңалыққа уайымдап, кәсіпорын жұмысы жалғасатынын естігенде қуанғанын жасырмайды. Қаламқас Өсербаева жергілікті халықтың ішімдікке құмар емесін, оған қарағанда сүтті көп ішетінін айтады.

– Біздің адамдар өзін-өзі жұмыспен қамтып, шаруашылықпен айналысып, жас мал өсіріп, оның етін сатып, күнкөріс қамын жасап отыр. Зауыттың арқасында ауылда тіршілік бар. Басқа ауылдарда бір-екі жас мал ғана болса, бізде олардың саны 15-30-ға жетеді. Көбі сиыр алып, соның сүтімен күнелтеді, – дейді ауыл халқының еңбекқорлығын атап өткен кітапханашы.

Қаламқас Өсербаеваның айтуынша, сауын сиырдың санына байланысты әр отбасы аптасына 30-40 мың теңгеге дейін табыс табады. Тұрғындар сүттің литрін 115 теңгеден өткізеді.

"СПИРТТІ ОМБЫДАН ӘКЕЛУ АРЗАНҒА ТҮСЕДІ"

Зауыт жұмысшылары кәсіпорынды қалай қорғап қалғанын ашып айта бермейді. Олар зауыт жабылмайды деген қуаныш ұзаққа созылмауы мүмкін деп қорқатын сияқты. Ақпанның соңында ауыл тұрғындары наразылыққа шыққаннан кейін Айдабол ауылына облыстан шенеуніктер келіп, спирт зауыты басшыларын кәсіпорынды сақтап қалуға көндірген.

Кәсіпорын басшысы Петр Ольферт "Зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Болды. Мәселе шешілді. Бәрі жақсы. Зауыт жұмыс істеп тұр. Бәрі жақсы" деп қысқа қайырды.

Біраз уақыт бұрын Ольферт мырза мүлде басқаша сөйлеген. 19 ақпанда зауыт басшысы Baigenews сайтына берген сұхбатында:

"Біріншіден, бұрын Қазақстанда төрт спирт зауыты болса, қазір олардың саны сегізге жетті. Екіншіден, біздің өнім өте қымбат тұрады. 1997 жылдан бері мазутпен жұмыс істейміз. Көмірден мазутқа өткен кезде оның бір тоннасы үш-төрт мың теңге ғана тұратын. Қазір мазутты 92 маркалы жанармай бағасымен аламыз. Ары қарай негізгі шығын бидай шикізатына кетеді. Оның да бағасы кейінгі екі жылда 55 мыңнан 100 мыңға дейін өсті. Осының бәрі бағаға әсер етеді. Қымбат болса, өтпейді, дайын өнімнің саны қысқарса, тауар бағасы өсіп шыға келеді. Өнім бағасына зауыттағы жұмыс жүктемесі де әсер етеді. Қазір 30 пайызға жұмыс істеп жатырмыз, сәйкесінше, спирт бағасы да қымбаттады" деген.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мырзабек Батырұлы зауыт жұмысын жалғастыру туралы келіссөздерге әкімдік өкілдерінің де араласқанын растады. Батырұлының айтуынша, областық энергетика департаменті энергетика министрлігіне хат жіберіп, "ауылдағы әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін зауытқа арзандатылған мазут беруді" сұраған.

Кәсіпорын жұмысының тоқтауына әсер еткен ықтимал себептердің бірі – отын бағасының қымбаттауы. Баспасөз қызметінің дерегінше, зауыт ауылдағы әлеуметтік нысандарды өз есебінен жылытып отыр. Батырұлының айтуынша, қазір әкімдік Айдабол спирт зауытынан шығатын өнімдерді қайда өткізуге болатынын ойластырып жатыр.

– Зауыттағы спирт дайындау технологиясы бір ғасыр бойы өзгермеген. Әлі де бүкіл процесс бидай мен мазут бағасына тәуелді, сондықтан біздегі спирттің өзіндік құны басқа зауыттар ұсынған бағадан жоғары болады. Мысалы, спиртті Омбыдан әкелу арзанға түседі. Арақ-шарап зауыттары арзан спирт алғысы келеді, – деді Мырзабек Батырұлы.

Statsnet.co сайтының дерегінше, кейінгі жылдары Айдабол спиртін көбіне мемлекеттік органдар сатып алған. Зауыт 2010 жылдан бері жылына 274 миллион теңгеге дейін салық төлеген.

Айдабол зауытынан шығатын "Альфа", "Экстра" және "Люкс" санатындағы спирт Мәскеуде өткен "Үздік спирт – 2020" XII халықаралық дегустациялық байқауында жеңімпаз атанған.

ӘКІМДІ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕ

Ауыл әкімі Николай Водовозовтың ақ "Нива" көлігі қос қабатты әкімдік ғимаратының алдына қойылған. Оның артында Владимир Ленинге қойылған ескерткіш тұр. Кешкі алты жарымда әкімдікке барсақ, ауыл басшысы ғимараттың есігіне құлып салып жатыр екен. Түсірілім тобын көрген әкім жұмыс уақытының аяқталғанына қарамастан, есікті қайта ашып, бізді көп бөлме өсімдігі қойылған кабинетіне кіргізді.

– Осы мәселе басталған кезде, бірден ауданға хабар беріп, жағдайдың жағымсыз сипат ала бастағанын жеткіздім. Әкімнің орынбасары, ішкі саясат бөлімі келді. Бірден жұмысқа кірісіп, бірлескен іс-қимыл арқасында зауытты жабуға болмайтынын түсіндірдік, – дейді әкім. Ол спирт зауытын халыққа жұмыс беріп, әлеуметтік салаға көңіл болып отырған жалғыз кәсіпорын деп бағалайды.

– Зауыт балабақша, мектеп мен емхананы жылумен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік салаға да көмектеседі. Қыста жолды тазалайды. Жазда бұл шаруаны өз мойнымызға аламыз. Зауыт жақ бетте орналасқан үйлердің су құбырына да кәсіпорын жауапты. Көшенің бергі беті әкімдікке қарайды. Осының бәрі бір сәтте жойылуы мүмкін дегенді елестетіп көріңізші. Оның үстіне, Айдабол ғана емес, көрші Красиловка, Викторовка, Сандықтау, Бәйтерек сияқты ауылдар да бардаға қарап отыр.

Әкімнің айтуынша, барданы ішкен мал жыл он екі ай жақсы сүт береді. Жергілікті кәсіпкерлер сүтті төрт көлікпен жинап әкетіп, ірі сүт зауыттарына өткізеді.

Бірақ ауылда шешілмеген мәселелер де жетіп-артылады. Әкімнің айтуынша, 2017 жылы Айдабол өзеніне салынған бөгеттің көлік жүретін бөлігін сел шайып кеткен.

– Содан бері жыл сайын өз күшімізбен жөндеп келеміз, бірақ әзірге бөгетті бастапқы қалпына келтіре алмадық. Бөгет "Казводхоз" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына кіреді. Оған ақша сала алмаймыз. Жөндеуге ақша бөлсек, бюджет қаржысын мақсатсыз пайдаланған боламыз. Ресми өтініш беруден пайда жоқ. Сондықтан шаруаларды тартып, бір тұсын өзіміз, бір жерін зауыт жөндеп жатыр, – дейді Николай Водовозов.

Әкімді алаңдатқан екінші мәселе – ескі клубты қалпына келтіру жобасы.

– Бізде жастар бос уақытында баратын жер жоқ. Қазір мәдениет бөлімі қанша қаржы кететінін есептеп жатқан болуы керек. Бұл жобаны қарап көреміз деген уәде берді, бірақ әзірге мәселе шешілген жоқ. Күтіп отырмыз, мүмкін биыл клуб жөнделіп қалар, – дейді әкім. Ол суық күндері орталық су құбырына жиі мұз қатып қалатынын да атап өтті.

Ауыл әкімдігінің дерегінше, Айдаболда 1057 адам тұрады. Еңбекке жарамды 553 адамның 210-ы зауытта істейді. Ауылда екі балабақша, емхана, дәріхана және 170 бала оқитын мектеп бар. Ауыл мен астананың арасы – 350 шақырым.

СПИРТ КӨП, ІШЕТІНДЕР АЗ

"ҚазАлкоТабак" алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілер мен сатушылар қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев Айдабол зауытындағы қиындықтарды еңсеру үшін өндіріс технологиясын жаңарту керек деп есептейді.

– Елде спирт зауыттары жетіп-артылады, спирт көп. Ал аталған зауытта өндіріске көп шығын кетеді, сондықтан спирт бағасы жоғары. Жергілікті халық пен әлеуметтік нысандар зауыттың жұмысына тәуелді. Сондықтан кәсіпорынды сақтап қалып, реконструкциядан өткізу керек. Бұл мәселе бойынша қажет шаралар қолға алынған шығар деп ойлаймын, – дейді Әміржан Қалиев. Қауымдастық басшысы елде Айдабол зауытын қосқанда бес ірі спирт зауыты барын айтады.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіретін 142 компания бар, олардың жетеуі ("Gold Pegasus" ЖШС, "Tau-Product" ЖШС, "ALPHA-2050" ЖШС, "Талғарспирт" ЖШС, "Кентавр" ЖШС, "Maximus" ЖШС, "Айдабол спирт зауыты" АҚ, "Солодовый спирт зауыты "Alfa Organic" ЖШС) тек этил спиртін өндіреді.

Қалиевтың дерегінше, 2013 жылы Қазақстанда 45-46 миллион литр арақ өндірілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 22 миллион литрге дейін азайған. Одан бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Украинадан 15 миллион литр ішімдік импортталады.

Қауымдастық басшысы кейінгі 30 жылда елде алкоголь тұтыну көлемі азайып келе жатқанын айтады.

– Қазір жастар аз ішеді, жасы үлкен адамдардың көбі ислам дінін ұстанады. Пандемия да халықтың сатып алу қабілетіне кері әсер етті. Ойын-сауық мекемелері екінші жыл қатарынан бұрынғы режимде жұмыс істей алмай отыр. Адамдар қонаққа баруды қойды. Осының бәрі ішімдік сату және тұтыну көлеміне әсер етеді, – дейді Әміржан Қалиев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне негізделген рейтингке сәйкес, 2017 жылы Қазақстан жан басына шаққанда таза этил спиртін тұтыну бойынша 189 елдің ішінде 76 орын алған (бір қазақстандыққа жылына 7,7 литр этил спиртінен келеді). Рейтингте Молдова (15, 2 литр), Литва мен Чехия елдері көш бастап тұр. Көршілес Ресей – 16, Қырғызстан 96-орынға тұрақтаған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



Врач дерматолог-косметолог Мадина Байрамукова: что делать, если вас ужалила медуза

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Родители 240,5 тыс. детей в Московской области получают единое пособие

Состоялась церемония вручения премии Men Today Trends

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Родители 240,5 тыс. детей в Московской области получают единое пособие


Самой популярной солнцезащитной оптикой в Махачкале стали очки бренда Polaroid

Деликатес в чаше: всего по чуть-чуть

Участники VK Fest смогут проверить свое здоровье на стенде «Будь Здоров»

Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети: на фестиваль в Якутск приехали директора крупнейших цирков и продюсеры, профессиональные артисты


Who could England get next in Euro 2024 knockout stage after going through to last-16?

Cubs Suffer Another Devastating Injury to Starting Rotation

Mets survive late barrage to beat Yankees in Subway Series opener

Why does former Man Utd striker Memphis Depay wear a headband and what is written on the Dutch footballer’s headgear?


Врач дерматолог-косметолог Мадина Байрамукова: что делать, если вас ужалила медуза

Военные следователи провели рейд по бывшим мигрантам в Феодосии

Инициатива об увеличении лимитов ОСАГО в рамках европротокола – мнение экспертов

Портативный ТСД корпоративного класса Saotron RT-T70


'I absolutely suck at video games': Hidetaka Miyazaki discusses how he prepped for Elden Ring: Shadow of the Erdtree

Прохождение элитного подземелья «Лесной алтарь» в Tarisland

Для Dark and Darker Mobile проходит короткий бета-тест на iOS и Android

The latest friendship-ruining co-op game on Steam is a punishing platformer where you're chained to your pals, and it's about to crack 100,000 concurrent players


Робота водієм у Таксі 571 (Київ)


"Интеррос", "Атомайз", Эрмитаж и Т-Банк готовят второй этап проекта «Цифровое искусство»

К сообществу инклюзивного бизнеса «Открыто для всех» присоединилось два высокотехнологичных проекта

В Воскресенске росгвардейцы задержали гражданку, находящуюся в федеральном розыске

Специалисты, к которым хочется возвращаться. Кем может гордиться Москва?




Петербуржцы ездят в Москву — и возвращаются с отравлениями

В Воскресенске росгвардейцы задержали гражданку, находящуюся в федеральном розыске

В городском округе Щербинка прошел инклюзивный фестиваль добрососедства «Доступ открыт»

Состоялась церемония вручения премии Men Today Trends


Врач дала 10 дельных советов молодым, как дожить до старости

Александр Петров трогательно поздравил жену с 23-летием

Певец Крид заявил, что бывшие сделали его сильнее

Путин тайно договорился с элитой США. Уже этой осенью мир перестанет быть прежним - заявил советник Сечина


МОК допустил Медведева и Андрееву к участию в Олимпиаде

Хачанов и Калинская выступят на турнире в Вашингтоне, который пройдет во время Олимпиады

Уимблдон. 1 июля. Мирра Андреева и Синнер сыграют последним запуском, Медведев стартует в 15:00

Теннисистка Калинская не примет участие в Олимпиаде, несмотря на допуск от МОК, сообщил Тарпищев


В Ростове и еще девяти городах России пройдет зумба-тур

Врач дала 10 дельных советов молодым, как дожить до старости

«Проморгали и упустили»: экс-правая рука Шойгу Татьяна Шевцова сбежала из России

В «Дохсуне» проходит финал соревнований по художественной гимнастике


Музыкальные новости

Шнуров не стал помогать вокалистке «Ленинграда» Вокс, страдающей от аутоиммунного заболевания

Реп-исполнитель Элджей ударил журналиста после вопроса о долгах его бывшей жены

Дни вьетнамского кино пройдут в Москве

Жена Оззи Осборна работает над мультфильмом про него и покойного Килмистера



К сообществу инклюзивного бизнеса «Открыто для всех» присоединилось два высокотехнологичных проекта

"Интеррос", "Атомайз", Эрмитаж и Т-Банк готовят второй этап проекта «Цифровое искусство»

Преподаватель музшколы из Реутова принял участие в шествии баянистов на ВДНХ

Специалисты, к которым хочется возвращаться. Кем может гордиться Москва?


Отношения с Ираном постепенно накачиваются // «Газпром» хочет закрепиться на Ближнем Востоке

Участники VK Fest смогут проверить свое здоровье на стенде «Будь Здоров»

Роспотребнадзор запретил купаться на пляже «Динамо» и Головинских прудах Москвы

Специалисты, к которым хочется возвращаться. Кем может гордиться Москва?


Премиальный автомобильный бренд HONGQI представил на российском рынке компактный кроссовер HS3

За чем люди едут в слободу Петровку?

Пожилой мужчина погиб при лобовом столкновении с грузовиком в Подмосковье

Питьевую воду продолжают раздавать в столичном метро в связи с жарой


Песков: подаренные Ким Чен Ыном Путину собаки проходят адаптацию в Москве

Песков: собаки, подаренные Путину Ким Чен Ыном, уже адаптируются в Москве

Какой шаг Путина может обесценить доллар, объяснил Глазьев

Песков рассказал, где будут жить собаки, подаренные Путину Ким Чен Ыном





Зубной имплантат. Что нужно знать перед операцией

Простой способ охладиться в аномальную жару подсказал московский врач

Московские студенты пройдут производственную практику в онкодиспансере в Балашихе

Собянин: Новая поликлиника в Филимонковском районе откроется в этом году


Нариман Джелял переехал из сибирской тюрьмы в Киев


Многие краснодарцы к 25 годам имеют несколько высших образований, семью и бизнес

Контрольный матч. ЦСКА выиграл у "Шинника".

29 июня на играх «Дети Азии» состязания пройдут по десяти видам спорта

Медальный зачет Игр «Дети Азии» 28 июня: по-прежнему впереди Узбекистан


Лукашенко рассказал о совместном развитии России и Беларуси

Лукашенко обратился к лидеру Туркменистана

Посол Беларуси: Визит Лукашенко придал дополнительный импульс развитию двустороннего сотрудничества



Собянин: Москва всегда поможет молодежи в покорении новых вершин

Собянин: В этом году в ТиНАО будет благоустроено несколько больших зон отдыха

Собянин поздравил молодых москвичей с Днем молодежи

Сергей Собянин подвел итоги конкурса «Новатор Москвы»


Многие краснодарцы к 25 годам имеют несколько высших образований, семью и бизнес

Экономическая ценность деревьев в экосистеме города

"Интеррос", "Атомайз", Эрмитаж и Т-Банк готовят второй этап проекта «Цифровое искусство»

Аномальная жара ожидается в Москве в первые дни июля


Певец Валерий Леонтьев прилетел из США в Москву и выступил на корпоративе

Отличники из Балашихи получили золотые медали за успехи в учебе

Мужа Блиновской требуют признать банкротом

Суд отправил под домашний арест собственницу здания НИИ Платан во Фрязино


АО «Транснефть - Север» выпустило молодь атлантического лосося в реку в Архангельской области

Архангельская область войдет в федеральный историко-культурный туристический проект «Императорский маршрут»

АО «Транснефть - Север» выпустило молодь атлантического лосося в реку в Архангельской области

В Димитровграде проводят чемпионат России по парусному спорту в классе «микро»


В Крыму за сутки зафиксировали 10 пожаров на открытых территориях

Севастополь в числе регионов с рекордными ценами на новостройки, Симферополь немного отстаёт

Водитель так торопился к морю, что вдребезги разбил о дерево свою жизнь

Выставка-предупреждение «Лицо беды»


Певец Валерий Леонтьев прилетел из США в Москву и выступил на корпоративе

В Тамбовской области из-за сниффинга хотят запретить продавать зажигалки детям

Третий класс пожарной опасности ввели в подмосковных лесах из-за жары

Отличники из Балашихи получили золотые медали за успехи в учебе












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Уимблдон

Россиянка Эрика Андреева вышла в финал квалификации Уимблдона






Sport24: вратарь "Локомотива" Гильерме покинет клуб

Александр Петров трогательно поздравил жену с 23-летием

В Москве стартовал фестиваль «День молодежи»

Итоги творческой встречи с Алексеем Данилиным