Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2021

"Еститін үкімет" орнына - "қуғын-сүргін" һәм "сынақтан өтпеген вакцина"

0

Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрағандар Қазақстанда неге қолдау таппады? Қазақстан мен Өзбекстанның "толық клиникалық сынақтан өтпеген" вакциналарды салуы коронавирус екпесіне қарсы наразылықты өршіте түсті ме? Қазақстан "криптовалюта Швейцариясына" айнала ма? Бұл аптада шетел басылымдары осы сұрақтарға жауап іздеді.

"ЕСТИТІН ҮКІМЕТ" ЖӘНЕ БЕС АЙ НАРАЗЫЛЫҚ

"Қазақстандағы Шыңжаңға қатысты наразылық неге қарқын алмады?" Вашингтондағы "Орталық Азия жөніндегі Оксус қауымдастығы" коммерциялық емес зерттеу орталығы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы "қайта үйрету лагерлерінде" қамалған туыстарына араша сұрап наразылыққа шыққандарға Қазақстан үкіметінің қолдау көрсетпеу себептерін іздеп, осындай тақырыппен мақала жариялады.

Қапаста қалған туыстарын босатуды сұрап, Қазақстан билігі мен жергілікті халыққа қайырылған азаматтардың наразылығы бес айдай уақытқа созылды. Осы аралықта олар Алматыдағы Қытай консулдығы, Қазақстан сыртқы істер министрлігі, БҰҰ кеңсесі, АҚШ консулдығы мекемелерінің алдына және Sinooil, Қытай банкі сияқты Қытай компаниялары ғимараттарына барып, мәселеге назарын аудартуға тырысты.

Қазақстан үкіметі оларға көбіне "қуғын-сүргінмен жауап қайырды, наразылыққа шыққандарды ұзақ уақыт бақылап, айыппұл салды, тұтқындады. Қалалық әкімдік өкілі наразы жұртқа келіп, "әрекеттерінің заңсыз екенін" айтумен болды". Бірақ наразылармен ресми кездесу ұйымдастырылған жоқ. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Шыңжаңға қатысты пікір білдірмеуіне басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасы себеп.

Америкалық зерттеу орталығының тұжырымы бойынша, Шыңжаң қазақтарының наразылығына үн қатып, қоғам атынан пікір білдірген жалғыз оқиға 9 шілдеде елдің батысындағы Жаңаөзен қаласында болған. Наразы жұрт президент Қасым-Жомарт Тоқаевты және басқа да ресми тұлғаларды Шыңжаңда тұтқында отырған қазақтарды босатуды талап етіп жүрген қандастарының жанайқайына назар аударуға шақырған.

"Жаңаөзен тұрғындарының бұл наразылығын маңызды бетбұрыс деуге болады. Шыңжаң тұтқындарының жақын туысы емес адамдар қоғамдық наразылық формасында пікір білдіріп, қандастардың тағдырына алғаш рет араша сұрады".

Сарапшының айтуынша, үкіметтің Қытай қазақтарының мұң-зарына көңіл бөлмеуі оның шетелде тұратын басқа қазақтарға және Сирия мен Иракта соғысқандарға қатысты саясатынан "мүлде өзгеше".

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда басым көпшілік болмаған қазақтың санын көбейтуде оралмандар "шешуші рөл" атқарған. Кейін эйфория біткен соң оралмандар жайлы пікір өзгеріп, олар "арзан жұмыс күші" ретінде қарастырыла бастады. "2011 жылғы желтоқсандағы Жаңаөзен бүлігінен соң оралмандар елдің ішкі қауіпсіздігіне төндіретін қатер ретінде қарастырыла бастады" деген сарапшы бейбіт елден оралған қазақтарға қарағанда Сирия мен Иракта экстремистік топтар қатарында соғысқандардан төнетін қауіп "анағұрлым айқын" екенін айтады. 2019 жылдан бері Қазақстан Сирия мен Ирактан 700-ге жуық азаматын елге алып келген.

Сирия мен Ирактағы қазақтарды "тағдыр тәлкегіне қалдыра алмаймыз" деген Қазақстан үкіметі Шыңжаңдағы қандастарға келгенде сондай "жанашырлық танытпады". "Пекинмен экономикалық қарым-қатынас маңызды болғандықтан, Қазақстан үкіметінің Шыңжаңға қатысты әрекет ету мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан мемлекеттік шешім қабылдауға негіз болатын легитимді факторлар арасында этностық туыстар нарративі болмайды" дейді автор.

Сарапшының айтуынша, үкіметтің бұл саясаты президент Тоқаев 2019 жылы жариялаған "тек сайлау науқаны кезінде ғана емес, кейін де қоғамның үніне құлақ асатын "еститін мемлекет" саясатына да қайшы келеді".

"Айлар бойы Қытай консулдығы алдында тұрғандарға қуғын-сүргінмен жауап қату – үкіметтің ел ішінде тиімді, халықаралық деңгейде қауіпсіз болғанда ғана [халыққа] құлақ асатынын аңғартады" деп қорытады автор.

Оның айтуынша, мемлекет наразылар үніне құлақ аспай, "Атажұрт" сияқты Қытай қазақтарының құқығын қорғайтын ұйымдарды қысымға ұшыратып отырған қазіргі жағдайда "наразылардың үнін естіртудің жалғыз жолы – қоғамның қолдауы".

"ВАКЦИНА ЭКСПЕРИМЕНТІ"

Eurasianet Қазақстан мен Өзбекстанның "коронавирусқа қарсы жан-жақты зерттеуден өтпеген ерекше вакцина қолданып жатқанын", бұл екпелерге күмәнмен қарайтындар көп екенін жазды.

Автордың айтуынша, Орталық Азиядағы екі ел вакцина тапшылығын болдырмау үшін "клиникалық сынақ мәліметі өте аз" вакциналарды салып жатыр.

Әңгіме Қытайда жасалған ZF-UZ-VAC 2001 және Қазақстан ғалымдары дайындаған QazVac (Qaz-Covid-In) вакциналары туралы болып отыр.

"Анығын айтсақ, біреуі Қазақстанда, екіншісі – Қытайда жасалған бұл вакциналар қауіпті деген ешқандай мәлімет жоқ" деген автор Батыстағы ғалымдар жергілікті үкіметтердің бұл әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтады.

"Клиникалық сынақ бұлай жасалмайды. Бірақ біз вакуум қалыптастырдық. АҚШ, Батыс және Үндістан қолынан келгенін орындай алмады. Олар вакцина әзірлеу жарысы бүкіл әлемге ортақ бәсеке деп түсінгенде, вакцинаны басқаларға да қолжетімді еткен болар еді" деді Теннессидегі Вандербильт университетінің вирусологы Санжай Мишра.

Жер-жаһандағы ауруханаларда вирустың "дельта" түрімен ауырғандар көбейіп тұрған қазіргі кезде қол қусырып отырғаннан гөрі бар вакцинаны пайдаланған дұрыс дейді ғалымдар.

"Шынын айтсақ, Батыста жүргізілген вакцина сынақтарының ешқайсысы дәстүрлі процедураға сай өткен жоқ. Вакцина қалай да вирустың таралуын баяулата алса, ол жақсы екпе деген сөз" деді Санджай.

Қытайда жасалған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасындағы "UZ" Өзбекстанның құрметіне жазылған, бұған себеп – екпенің бірінші және екінші клиникалық сынақтары Өзбекстанда өткен.

7 мың еріктіге үшінші сынақ бастала салысымен Өзбекстанның ресми органдары оны қауіпсізд деп танып, індетке қарсы шұғыл қолдануға болатын екпе қатарына қосқан. Өзбекстанның ресми өкілі оның "мүлде қауіпсіз" екенін әрі коронавирусқа қарсы антидене қалыптастыруда "97 пайыз тиімді" екенін айтқан.

Ал Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік биологиялық қауіпсіздікті зерттеу институты әзірлеген инактивтендірілген вакцина тиімділігі "96 пайыз" деген.

"Қазақстанның ресми органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) атын жамылуға құмар. Мамырдың соңында президент [Қасым-Жомарт Тоқаев] ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесусқа қоңырау шалып, оған QazVac туралы айтқанын мемлекеттік ақпарат құралдары жазды. Ол да екпенің "96 пайыз тиімділігін" баса айтты. Бірақ ДДСҰ-ның трекері әзірленіп жатқан вакциналарды бақылап отырған жоқ (қазір 110 екпе әзірленіп жатыр), бұл мақұлдау дегенді білдірмейді" деп жазады Eurasianet.

Қазақстанның кей медицина мамандары үкіметтің бұл әрекетімен келіспейді. Әлеуметтік желіде халықтың Covid туралы сауалдарына жауап беретін Medsupportkz ұйымы өкілдері вакцина жасаушылар клиникалық сынақ нәтижелерін жарияламайынша оған сенім жоқ деген. Олар, сондай-ақ екпенің 96 пайыз тиімділігіне де күмәнмен қарайды.

Автордың айтуынша, үкіметтің толық тексеруден өтпеген екпелерді жаппай сала бастауы халқының көбі онсыз да вакцинаға күдікпен қарайтын Орталық Азиядағы наразылықты одан сайын күшейте түсті. "Еркін баспасөзі аз, білім беру жүйесі нашар әрі халқы билікке жүйелі түрде сенімсіздік білдіретін аймақта әлеуметтік желіде [вакцина жайлы] қаңқу сөз де көбейіп кетті" деп жазады автор.

КРИПТОВАЛЮТА. ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯН БА?

Қазақстан криптовалюта өндіру көлемі бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынға шықты. Бұл жақсы ма, жаман ба? Қытай неге криптомайнерлерді ығыстырып жатыр? Америкалық Jamestown қорының сайтында жарық көрген мақала осы сұраққа жауап іздейді.

"Криптовалюта өндіруде әлемдік көшбасшы саналатын, дүниежүзіндегі криптовалюта өндіру операцияларының жартысы жасалатын Қытай 2021 жылы өз азаматтарының криптовалюта өндіріп, сақтауына тыйым сала бастаған. Соның нәтижесінде елдің әлемдік криптовалюта өндірудегі үлесі 75,5 пайыздан 46 пайызға төмендеген".

Қытайдағы криптомайнерлер шетелге, соның ішінде көрші жатқан Қазақстанға ығысты. Автордың дерегі бойынша, Қазақстанның криптовалюта өндірудегі үлесі 1,4 пайыздан 8,6 пайыға бірден өскен. Оның үстіне Қазақстан өндірістің бұл түріне қатысты саясатын өзгертіп, жаңа заң қабылдап жатыр, жақында банктен криптовалютамен есепшот ашуға мүмкіндік беріледі. Яғни, Қазақстан "әлемдік қаржы нарығында криптоөндіру әлеуетін арттыра түседі".

Дегенмен криптовалюта өндірісіне қырын қарап жатқан Қытай сияқты елдердің өз ұстанымы бар. "Цифрлық валюта өндірісі өте көп энергия қажет ететіндіктен, [криптовалюта] құнының тұрақсыздығынан, алаяқтыққа жол берілуі мүмкін болғандықтан және сонымен байланысты қылмыстық мәселелер мен жеке құпияны әшкерелеу ықтималдығына байланысты әлемнің көп елі оған күмәнмен қарайды" деп жазады автор.

Оның айтуынша, бағаның құбылмалығы "ең батыл инвесторлардан басқа жұрттың бәрін алаңдатады". Бұған қоса, цифрлық валютаны "әлемнің мойындауы да баяулап қалған". Әрі криптовалютаның "шынайы материалдық активтермен қамтамасыз етілмегені" инвесторларды аңдап басуға итермелейді. Қазақстанның "критповалюта Швейцариясына айналуына" осы факторлар кедергі келтіруі мүмкін дейді автор.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



В Дубне сотрудники Росгвардии помогли утиному семейству перейти оживленную трассу

ЭКСПЕРТ АНАТОЛИЙ ГОЛОД ПРЕДЛАГАЕТ СЕНСАЦИОННО УЛУЧШИТЬ НАЛОГОВУЮ СФЕРУ!

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Отделение СФР по Москве и Московской области выплатило единовременное пособие при передаче ребенка на воспитание в семью 474 семьям региона


Gucci, коллекция menswear весна-лето 2025

Триумфальное возвращение Льва Лещенко на сцену спустя месяцы затишья. Артист презентовал дуэт с солистом группы “Парк Горького” Сергеем АРУТЮНОВЫМ

Зубные щетки Revyline Perfect DUO и зубная паста Organic Detox против кариеса в Назрани

Звезды оперной сцены представят I Международный фестиваль «Мир классического романса»!


Scotland star SENT OFF after ‘worst tackle ever seen’ as they capitulate in Euro 2024 opener against Germany

'Hum bhi insaan hain': Pakistan allrounder Imad urges calm

Vavada Casino: a Leader in the Online Gaming Industry

Inside wicked world of ‘skinny scams’ as Ozempic and weight loss drug fraud attempts rise into the hundreds of thousands


Ученые обнаружили перспективное лекарство для лечения гипертонии

Кинотеатр GOS-FILM: твой гид в мире фильмов

«ЯРКО» провела развлекательную программу на фестивале «Крутая песочница»

В Коми ввели штрафы за «склонение к абортам»


To create its cast of Baldur's Gate 3 companions, Larian came up with 'hundreds and hundreds' of character concepts: 'It was a huge, huge list'

Для Summoners Kingdom: Goddess проходит пробный запуск на Android

По аниме и манге «Кайдзю № 8» выпустят PC и мобильную игру — Kaiju No. 8 THE GAME

Мафия-НН: С юных ногтей будем учиться вгрызаться в двери, закрывающие ментальные миры.


Монтаж димоходів та вентиляційних систем у Києві

Відомий аграрій Кормишкін, складає свої депутатські повноваження


Московский аэропорт Домодедово и Всероссийское общество инвалидов заключили соглашение о сотрудничестве

Топ-5 самых ярких зарубежных архитектурных проектов на первичном рынке Москвы

За прошедшую неделю подмосковные росгвардейцы обеспечили безопасность более 200 мероприятий




СК предъявил обвинение фигурантам дела о массовом заражении ботулизмом

В Дубне сотрудники Росгвардии помогли утиному семейству перейти оживленную трассу

ЭКСПЕРТ АНАТОЛИЙ ГОЛОД ПРЕДЛАГАЕТ СЕНСАЦИОННО УЛУЧШИТЬ НАЛОГОВУЮ СФЕРУ!

Ознака відчаю і привід для занепокоєння. У США прокоментували візит Путіна до Північної Кореї


Нелегальных мигрантов с границы Финляндии будут выдворять в Россию без спроса Москвы

«Замер цен на продукты». В Севастополе нашли самую дешёвую пюрешку

Отравившие нижегородцев салаты готовили в антисанитарных условиях

«Известия»: в Подмосковье у трех пациентов с ботулизмом произошли инсульты


Овечкин, Яковлев, Фридзон и Мыскина сыграли в падел-теннис в Турции: «Победила дружба»

«Ну и где здесь «группа смерти?» ATP показала, каким был бы Евро-2024 с теннисистами

Лучший теннисист Казахстана узнал позицию в обновленном рейтинге ATP

Саснович победила на старте квалификации турнира WTA-500 в Берлине


Отравившие нижегородцев салаты готовили в антисанитарных условиях

Доктор Кутушов: не стоит носить кроссовки в жару

Несмотря на ключевую ставку: на какие ипотечные программы стоит обратить внимание в 2024 году

Памятную доску участнику СВО Александру Урбанскому открыли в Балашихе


Музыкальные новости

Вивальди под небом

Братья Грим и Найк Борзов выступят в Нижегородской области в День молодежи

В безобразном состоянии: Андрей Разин забросил могилу своего 16-летнего сына

Память Жанны Фриске почтили посмертной наградой и ее песней на музыкальной премии



Как Россия уступила Азербайджану значительные территории Дагестана и два села

В России запустили бесплатного цифрового ЗОЖ-помощника

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Отделение СФР по Москве и Московской области выплатило единовременное пособие при передаче ребенка на воспитание в семью 474 семьям региона

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.


Галина Ржаксенская впервые стала участником ПМЭФ в Санкт-Петербурге

Те самые русские с флагами на матче-открытия Евро — мы их нашли! Как попали на стадион и как реагируют вокруг?

Собянин сообщил о планах благоустройства территорий школ и детских садов

В рейтинге развития Тамбовская область за 2023 год опустилась на три места


Фест, байк, рок-н-ролл. Как в Москве отметили День мотоциклиста

Движение на участке Боровского шоссе в Новой Москве ограничили из-за подтопления

Движение на участке Боровского шоссе приостановлено из-за сверхинтенсивных осадков

В Москве движение на участке Боровского шоссе перекрыли из-за осадков


Путин летит к Ким Чен Ыну. Россия и Северная Корея станут стратегическими партнёрами

ЯНДЕКС, АЛЕКСАНДР ПУШКИН, АНАТОЛИЙ ГОЛОД И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ВЕДУТ СЛЕДСТВИЕ ВЕКА! ВАЖНЫЕ СЕРЬЁЗНЫЕ ДАННЫЕ.

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.


ПМЭФ-2024: премиальный бренд HONGQI представил на Форуме свои флагманские и новые модели

Зачем Марина Александрова уехала из Москвы в сибирскую глушь




В Москве убийца пожилых инвалидов засунул сборник нот в тело жертвы

Врач-дерматолог Мадина Байрамукова: что делать с "мурашками» на коже

Московский аэропорт Домодедово и Всероссийское общество инвалидов заключили соглашение о сотрудничестве

В России запустили бесплатного цифрового ЗОЖ-помощника



Красногорск первым встретил участников международного супермарафона Москва-Минск

В Лужниках состоялась церемония открытия Всероссийской Спартакиады Специальной Олимпиады

В УФСИН России по Республике Дагестан прошли лично-командные соревнования по легкой атлетике

Резидент «Инсайт Люди» Дмитрий Зубов установил мировой рекорд по чеканке мяча




Собянин прибыл в Китай с рабочим визитом

Собянин: Москва и Пекин подписали программу сотрудничества на 2024-2026 годы

Москва-Пекин. Собянин в Китае подписал соглашение о сотрудничестве

Сергей Собянин: Активно укрепляем отношения с Китаем


Бизнес-омбудсмен Москвы оказывает поддержку НМСП

Обмен электронными транспортными накладными стал доступен участникам «Биржи грузоперевозок ATI.SU»

Козлов: Россия и КНДР прорабатывают возможность запуска прямых рейсов

Российские компании придерживаются собственного подхода в ESG


АПЛ "Казань" базы слежения США и Британии заметили в последний момент

«Химки» заключили трехлетний контракт с защитником Ориньо из «Родины»

Отравившие нижегородцев салаты готовили в антисанитарных условиях

«Уход от доллара»: с чем связан растущий интерес мировых центробанков к золоту


Express: АПЛ «Архангельск» представляет большую угрозу инфраструктуре НАТО

Актера Игоря Меркулова похоронят на Николо-Архангельском кладбище

Преподаватель из Архангельска вышла в финал международного конкурса «Педагогическое начало – 2024»

Более 39 млн рублей направлено на летний отдых и оздоровление детей-сирот в Архангельской области


В Симферополе пройдёт спектакль-акция «Подаренная жизнь»

Выставка-посвящение «Первая дама советской скульптуры»

Фольклорно-литературная программа «Сказки детства, полные чудес, нас уводят в царство тридесятое»

Аварийное отключение электроэнергии произошло почти в тридцати населенных пунктах Крыма


"Проспект Фрунзе уже с утра стоит на пересечении с Московским": ярославцы требуют у чиновников мост

Забытый в Германии. Пьяный фанат сборной Англии проспал 5 часов на стадионе

Почти каждый десятый проект в столицы построен с участием зарубежных архитекторов

Дорожные карты разработают по 30 ветхим постройкам в Раменках












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Саснович победила на старте квалификации турнира WTA-500 в Берлине






Роспотребнадзор: заражённые ботулизмом продукты производились рядом со свалкой

Несмотря на ключевую ставку: на какие ипотечные программы стоит обратить внимание в 2024 году

АПЛ "Казань" базы слежения США и Британии заметили в последний момент

Доктор Кутушов: не стоит носить кроссовки в жару