Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға дейін көтерді
"Өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15 пайыз, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13 пайыз болады.
Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді", - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында жылдық инфляция теңге бағамы әлсіреп, сұраныс көбейгенде және жеткізілім тізбегі бұзылғанда 12 пайызға (2022 жылғы ақпанда - 8,7 пайыз) дейін қарқын алды. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауралар бағасының жылдық өсу қарқыны, сәйкесінше 15,4 пайыздан (10 пайыз) және 10,9 пайызға (8,6 пайыз) жетті. Ақылы қызметтің құны 8,3 пайызға (7,1 пайыз) өсті.
"Инфляцияның тұрақты қалыпта үдеуі тауарлар мен қызметтердің кең спектріне бағаның өсуімен сипатталады, бұның өзі 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияның айтарлықтай өсуімен расталады.
Инфляцияға қатысты күтулер бір орында тұрақтап қалған емес және ол жоғары құбылмалылықты көрсетуін жалғастырып келеді. 2022 жылдың наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы геосаяси ахуалдың нашарлағанын, ұлттық валютаның құнсыздануын көрсететін қоғамдық оптимизмнің төмендеуін және инфляциялық күтулердің айтарлықтай артқанын көрсетеді. Сөйтіп, инфляцияны бір жыл алға сандық бағалау 11,4 пайызды құрады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!