Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бүгін Астананың ботаникалық бағында елорданың медициналық жұртшылығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі қатысқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған жүгіру шарасы өтті. Оған денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр Ажар Ғиният осыдан кейін бірден Мәжіліске "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру үшін барды. Бұл арада әлеуметтік желілерде жүгіруге қатысқан медицина факультетінің студенттері "ерікті-мәжбүрлі түрде" жіберіліп, таңғы сабақтар мен емтихандар ауыстырылғаны туралы ақпарат пайда болды. Qumash Telegram-арнасы таратқан аудиожазбада ер адам студенттердің автобустармен Ботаникалық баққа бару жоспарын және жарысқа қатысушылардың алдағы әрекеттерін айтып береді. Сондай-ақ, іс-шараға қатыспағандарға жаза туралы ескертеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ажар Ғинияттың өзінен сұрады.
"Бүгінгі марафон Денсаулық күніне орай болды. Денсаулық күні бүкіл ел бойынша басталды, ол бүкіл әлемде 7 сәуірде атап өтіледі. Сіздің мәлімдемеңізге келетін болсақ, мен хабардар емеспін. Біз бұл мәселені анықтаймыз", - деп уәде берді министр.
Университет студенттердің Астанадағы жаппай жүгіру шарасына қатысатынын растады. Білім ошағының баспасөз қызметі студенттердің мұндай шараларға үнемі қатысып тұратынын түсіндірді. Оқу орнының мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты тергеу басталған.
"Мұндай іс-шаралар алдын ала ұйымдастырылып, өз еркімен қатысуға ниет білдірген студенттердің тізімі жасақталады. Ер адамның дауысы шыққан аудиохабарламаның таралуына қатысты тексеру басталды", - деп хабарлады университеттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
A college student put on a free, stage adaptation of Silent Hill 2 'to make a truly frightening theatrical experience' all without an appearance by Pyramid Head
Grab a friend to try these Deadlock duo lane picks and take a bite out of the cursed apple
Metal Slug Tactics review
Meta-funded regulator for AI disinformation on Meta's platform comes under fire: 'You are not any sort of check and balance, you are merely a bit of PR spin'
Путин присвоил экс-заммэра Москвы Ресину звание Героя Труда
Москвичи и гости столицы активно пользуются речным электротранспортом
Заместитель управляющего Отделением Фонда пенсионного и социального страхования Российской Федерации по г. Москве и Московской области Алексей Путин: «Клиентоцентричность - наш приоритет»
Путин дал команду на спуск на воду атомного ледокола «Чукотка»