Ұлыстың ұлы күні
Ұлыстың ұлы күні, ұлт мерекесі наурыздың да тойланатын күні келіп жетті! Көктемнін көк орай шалғын белінде,әр ауыл,әр аймақ дүйім жұрт жинала отырып тойлайтын төл мереке,біздің де аймағымызда тойлануда. Ыстық бауырсақпен,дәмді көженің иісі тәбет ашып, мұрын жаратындай. Ақ жаулықты әжелер,ақ сақалды аталар,дастарханның төрінен орын алып,мерекелік асты күтуде. Асыр салып ойнаған бала-шаға, ас-ошақтың асты үстіне түсіп жүрген,кәжекей киіп,басына орамалын тартқан жеңгелерімізде жүр екен. 22 наурыз, еліміздің Батысында яғни Ақтөбе облысы, Аралтөбе ауылында тойланып жатыр.
Ауылымызда, 12 киіз үй, 20 алты бақан тігілген еді. Қазақтың салт дәстүрінің жылына бір рет болса да,жаңғыртылғанын көру,халқымыздың ұлыстың ұлы күнін тойлауы біз үшін бір ғанибет!
Ұлы күн барша қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ауыл жұрты бір-бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып, дастархан басында жақсы тілектер айтады. Осы күні адамдар арам пиғыл,пендешілік атаулыдан тазарып, арылады.Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін ұзағынан сүйіндіріп. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!
“Наурыз айы туған да той болушы еді бұл манда...". Міне,күн мен түннің теңесер күні де келіп жетті! Болып жатқан мерекеге орай ауылымыздың ақ жаулықты әжесінен мерейтой жайлы сұрай кетейік....