1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі
Сыныпаралық байқау бағдарламасы
Cценарий.
І-бөлім.
1-оқушы:
«Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Татулық мекені” атты ұлттар мәдениетіне арналған кешімізді «Ашық»- деп жариялаймыз!
2-оқушы:
Алдарыңызда төртінші және бесінші сынып оқушылары, әртүрлі ұлттардың киімін, тілін, салт-дәстүрі мен өнерін таныстырады.
1-оқушы:
Сондай-ақ, ұлттық тағамдарын да таныстырып, өзге ұлт пен қазақ халқының мәдени ұқсастығын дәлелдейді.
2-оқушы:
Бастайық олай болса кешімізді,
Дәстүрі жоғалса елдің несі құнды?!
Сан түрлі ұлт, бір атаның баласындай,
Сыйласып күн кешуде осы күні!
1-оқушы:
Испан ұлты танымал өр мінезбен,
Гитараға қосып айтар әуенмен.
Бесінші «а» таныстырсын...