Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапары барысында «Monterra Qasaqstan» ЖШС болашақ тау-кен металлургия комбинатының құрылыс алаңына барды. Мұнда Ноғайбай ауылдық округінде тау-кен металлургия комбинатын салу жөніндегі жобаның іске асу барысы, экологиялық қауіпсіздігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жаңа зауыт алтын-күміс доре қорытпасын шығаратын болады. Зауыттың жылдық қуаттылығы 5 тоннадан асады […]
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапары барысында «Monterra Qasaqstan» ЖШС болашақ тау-кен металлургия комбинатының құрылыс алаңына барды.
Мұнда Ноғайбай ауылдық округінде тау-кен металлургия комбинатын салу жөніндегі жобаның іске асу барысы, экологиялық қауіпсіздігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жаңа зауыт алтын-күміс доре қорытпасын шығаратын болады. Зауыттың жылдық қуаттылығы 5 тоннадан асады десек, кейіннен бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен арта түседі. Инвестиция көлемі 1 600 миллион еуроны құрайды.
«Monterra Qasaqstan» ЖШС бас директоры Айдар Нұғманов жоба аясында 1900-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Жұмысшыларға арналып барлық қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен қамтылған вахталық шағын қалашық салынады.
Аудан басшылығына жергілікті колледждер базасында жұмысшы мамандықтарды дайындау ісін ұйымдастыру тапсырылды.
– Жобаның тезірек іске қосылып, жобалық қуаты бойынша жұмыс істеуі маңызды. Жергілікті билік мемлекеттік бағдарламалар аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, «Monterra Qasaqstan» ЖШС облыстың қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалыспақ. 2019-2023 жылдар аралығында компания әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 103,4 миллион теңге бөліп отыр.
Сондай-ақ, аудандағы жұмыс сапары барысында Нұржан Нұржігітов ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты.
Бұл күні аймақ басшысы аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері ғимаратының құрылыстарымен де танысты.
'I absolutely suck at video games': Hidetaka Miyazaki discusses how he prepped for Elden Ring: Shadow of the Erdtree
All Destiny 2 Prismatic fragment locations
Прохождение элитного подземелья «Лесной алтарь» в Tarisland
The latest friendship-ruining co-op game on Steam is a punishing platformer where you're chained to your pals, and it's about to crack 100,000 concurrent players
Евгения Овод проиграла Дарье Войт в 3-м туре Высшей лиги в Нижнем Новгороде, а чемпионка Санкт-Петербурга по шахматам Ольга Карманова победила Участницу Суперфинала – 2023
Политический обучающий проект «ПолитСтарт» прошел в Звездном Городке
Вице-мэр Ракова поздравила московских выпускников
Отряд «Буревестник» за два месяца уничтожил техники ВСУ на 2 миллиарда рублей