Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның «жұмсақ күшінің» дамуы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т.ғ.қ., профессор Г.Б. Қозғамбаева
1-курс магистранты Муратов Бекмухамед Куатұлы
Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның «жұмсақ күшінің» дамуы
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің мәдени-әлеуметтік қалпы, оның дамуы мен қолдауы, өзге халықтар арасында Қазақстанды “жұмсақ күш” арқылы танымал ету әрекеттерінің рөлі мен нәтижелері туралы шолу берілген.
Мақаланың өзектілігі мен жаңалығы
“Жұмсақ күш” – өз мәдениетін өзге елдер арасында танымал етіп, сол арқылы елді әлемдік сахнада көтеру болып табылады. Осы мақалада Қазақстанның мәдениеті, музыка, медиа, кино, халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптар, менталитет пен санасы, тарих пен ғылым, елдің көрнекті жерлері мен сәулеттері арқылы әлемде тартымдылық потенциалы зерттелген.
Зерттеу әдістері...
