Максим Аммосов Петропавлда алғашқы қазақ театрының ашылуына себепші болған
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – 18-24 сәуір аралығында Қазақстандағы Саха Республикасының күндері өтті. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві ҚР Ұлттық архиві мен Қазмедиа ғимаратында көрнекті саяси және қоғам қайраткері Максим Аммосовты еске алу мақсатында «Аңызға айналған Максим» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.