Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 миллиард теңгеден аса қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс. Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:
Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая; Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка; Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).
Еске салайық, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі уақытта оның 40 пайыздан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр. Сондай-ақ, бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Команда подмосковного главка Росгвардии завоевала серебро в соревнованиях по гиревому спорту Спартакиады «Динамо»
Подписывайтесь на наши Telegram каналы!
Заместитель управляющего Отделением Фонда пенсионного и социального страхования Российской Федерации по г. Москве и Московской области Алексей Путин: «Клиентоцентричность - наш приоритет»
World's biggest modding site announces new paid mods policies, with caveats—'as long as it isn't to the detriment of the free modding ecosystem'
Stressing out waiting for Dragon Age: The Veilguard to download? Here's some Dragon Age ASMR to help mellow your mood
AMD's Dr. Lisa Su predicts AI GPU market will grow to $500 billion by 2028 or 'roughly equivalent to annual sales for the entire semiconductor industry in 2023'
A college student put on a free, stage adaptation of Silent Hill 2 'to make a truly frightening theatrical experience' all without an appearance by Pyramid Head