Алматыда полиция бордюр мен көше шамын бұзған трал жүргізушісін іздестіріп жатыр
Оқиға Момышұлы-Райымбек көпірінде болған.Ұзын өлшемді трал көпірге солтүстік бағытта кіруге тырысты, бірақ оның өлшемдері бұрылысқа сәйкес келмеді. Сонымен трал жүргізушісі тәуекелге бел буып, жол шамын бұзып, бордюрды бүлдірді.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, көлемді көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Сондай-ақ, олардың айтуынша, бұл жерде жақында жол жөнделді.
Желі қолданушыларының пірікі екіге бөлінді: кейбіреулері жүргізушіні жауапқа тартуды талап етсе, енді бірі көлемді жүк көліктері көпірден өте алмайтындықтан, жол дұрыс жобаланбаған деп санайды.
Басқалары жүргізушінің әрекеттерін GTA ойынымен салыстырды.
View this post on Instagram
A post shared by Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)
Алматы полиция департаменті аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Құқықбұзушы міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады.Сонымен қатар, Алматы полициясы белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындарға қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектескені үшін алғысын білдіреді", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!