Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2024

Ақша айырбастау орындарында 1 доллар құны 515 теңгеден асты

0
Қазақстанда 1 АҚШ долларының ресми бағамы 510 теңгеден асып, бейсенбі күні түсте Алматыдағы кейбір айырбастау пунктерінде 518-519 теңгеден сатыла бастады. 


27 қарашада Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 500 теңге болған. Ұлттық банктің сол күнгі ресми бағамына сай, 1 доллар 499.51 теңгеге тең.


Kurs.kz дерегінше, бейсенбі күні түсте Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 518-520 теңгеден, ал Шымкентте 518 теңгеден сатылған. Семейде 1 доллар – 515 теңге, Ақтөбеде – 518,5 теңге, Ақтауда – 514 теңге, Оралда 520 теңге болған.


Доллар сатып алу бағасы орташа есеппен 513-516 теңге болды.


27 қарашада Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "осы жұмада базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаймыз, қазір тыныштық аптасы, сондықтан [доллар бағамы бойынша] пікір бере алмаймын" деп мәлімдеген. 


Қазан айында теңге бағамы ақырындап түсе бастаған. Сол кезде Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына ішінара мұнай бағасының төмендегені әсер етті деп мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл аяғына қарай сатып алу, тендер, аукциондар өтеді, түрлі инвестиция және инфрақұрылым жобаларына бөлінген қаржы игеріле бастайды, мұндай жобалар импортқа қатты тәуелді болғандықтан, валютаға сұраныс артып келеді деп айтқан.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Теннисист Даниил Медведев после матча в Дубае возмутился из-за камеры на сетке






Источник 360.ru: две легковушки столкнулись на перекрестке в Москве

Творчество и яркая внешность: кто такой «босс художки» и когда уместен этот термин

Вещий сон, ретромеркурий и парад планет: предпринимательница из Свердловской области выиграла 1 млн рублей в «Русское лото»

Автоматическую рассылку уведомлений водителям без ОСАГО запустят не раньше июня