Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Министр: оңтүстікте Ресей салатын орысша мектептерде Қазақстан стандартымен білім беріледі

0
Қызылорда, Тараз және Түркістанда орыс мектебін ашуға сұраныс бар, осы өңірлерде оған барғысы келетін азаматтардың ұсынысы зерттелді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептер ашу жайлы қойылған сұрақтарға жауабында осылай деді.


Оның сөзінше, үш өңірдің әрқайсында 1200 оқушыға арналған мектеп салу жоспарланып отыр. "Бұл – алдын ала айтылған ақпарат. Уақыт көрсетеді", – деді министр.


Ол мектеп салуға Ресей қаржы бөледі, ал оқу бағдарламасы Қазақстандағы стандарт аясында болады деп жауап берді.


Министр Ресейдегі Астрахан, Орынбор, Томск қалаларында қазақ мектебін ашу қарастырылып отыр деді.


"Қалалар таңдалған кезде қазақтар көп шоғырланған жерлерде мектеп салу – ең басты мақсат болды. Бұл мәселе екіжақты пысықталып жатыр. Мектептің жерін анықтау, келісімшартқа қол қою, қаржысын шешу мен құрылысына біршама уақыт керек", – деді ол.


Ресей президенті Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапары алдында "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуды қолдайды деп жазған. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі үш қалада "орыс мектебі ашылады деп сенеміз" деген.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ресейлік "Известие" басылымында жарияланған мақаласында "іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз" деп айтқан.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Российские теннисистки Андреева и Шнайдер вышли в полуфинал чемпионата Австралии






Оплата ChatGPT в 2025 году: руководство для россиян

Пенсии в феврале 2025 года: кого ждет повышение

Специалисты газового хозяйства оказали более 90 тыс. услуг в 2024 году

TotalEnergies хочет возобновить работу над СПГ-проектом в Мозамбике, но форс-мажор пока сохраняется