2025 жылы республикалық бюджет тапшылығы елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызын құрайды
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылға арналған республикалық бюджет мынадай:
1) кiрiстер – 21 392 054 673 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 15 193 343 932 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 435 325 855 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 5 200 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 758 184 886 мың теңге;
2) шығындар – 25 193 022 392 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 510 480 002 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 258 339 021 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша
сальдо – 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 46 891 300 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -4 100 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -10 999 700 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4 100 000 000 мың теңге.
Қаулы жобасы 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Сообщение 2025 жылы республикалық бюджет тапшылығы елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызын құрайды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.