Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесіне тағы бір бап бойынша іс қозғалды. Ақпаратты Алматы облысы Полиция департаменті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 желтоқсанда азамат Қ. Нұрымов бұзақылық және көліктердің қозғалысына кедергі жасау дерегі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Мұнымен тоқтамай айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзды. Бұзақылық дерегі бойынша сот оған 15 күндік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады", - деп жазылған ақпаратта.

Полиция мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған іс-әрекет нәтижесінде көлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен асып, іс-әрекеттің қылмыстық баппен саралануына әкеп соғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты, толық тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.
Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Карен Хачанов

Хачанов ответил, есть ли у него желание выступать за Россию на международных соревнованиях






Бирюков: в системы отопления Москвы добавили тепла

Обвиняемые в обороте оружия по делу о «Крокусе» сотрудничают со следствием

Российский рынок растет на фоне подорожавшей нефти

Житель Коми получил 12 лет за двойное убийство