Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Талғарда бүгін, 15 желтоқсанда қаланың жаңа әкімі сайланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талғар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат таласып жатыр:
Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Amanat партиясы ұсынған. "Талғар тұрғын үй" ЖШС-ның басшысы;
Жәнібек Жанболатұлы Қаденов 1991 жылы туған. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) ұсынған. Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді;
Әлібек Ғайсаұлы Рамазанов 1982 жылы дүниеге келген. Өзін-өзі ұсынған. Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 сайлаушы енгізілген. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сайлау нәтижелері туралы ресми хабарландыру 16 желтоқсанда түске дейін Талғар аумақтық сайлау комиссиясының сайтында жарияланады.
Еске салайық, Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков 15 қазанда қоғамда резонанс тудырған 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін қызметінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!