Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Кітапханаларды жаңғырту: БҚО-да алғашқы “Jaña klub“ қауымдастық орталықтары ашылды

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бұл мереке оқырман мәдениетін дамытуға және жастарға кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
2024 жылдың 16 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде, Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар - қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Байтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы "Jaña klub" орталықтары таныстырылды.
Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төраға орынбасары Ләззат Чинкисбаева, қордың басқарма мүшесі София Айсагалиева, "TANA" қоғамдық қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова, сондай-ақ жергілікті қоғам өкілдері мен балалар қатысты. Шарада ауылдық қауымдастықтар үшін осындай жобалардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.


"Қазақстан халқына" қоры, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және "TANA" қоры жүзеге асырып отырған қайырымдылық жобасы аясында облыстағы 356 кітапхананың ішінен 25-і жаңартылып, қауымдастық орталықтарына айналдырылатын болады. Бұл жобамен 130 мыңнан астам тұрғын қамтылады.
Әр орталықтың кітап қоры 68 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған 800-ден аса жаңа кітаппен толықтырылады. Олардың ішінде қазақстандық және шетелдік авторлардың үздік туындылары бар.

Облыс әкімдігі орталықтарды жөндеуден өткізіп, жалпы ауданы 680 шаршы метрді құрайтын ғимараттарды жаңартты. Переметное және Дариян ауылдарындағы екі орталықты абаттандыруға 43 345 000 теңге бөлінді.
Қауымдастық орталықтары заманауи музыкалық аспаптармен, үстел ойындарымен, тігін және қолөнер жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындарға заманауи технологиялармен қатар, білім беру және мәдени іс-шараларға арналған алаңдар қолжетімді.
Орталықтар жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналуда. Жаңа клубтар ашылды: "Жамылған көк желегін жұмақ мекен" өлкетану клубы, "Абайтану", әйелдерге арналған "Сырғағлым" клубы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған "Күншуақ" клубы.
Батыс Қазақстан облысы елімізде алғаш рет ескі кітапханаларды заманауи қауымдастық орталықтарына айналдырды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев кітапханаларды жаңғырту жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін маңызды серпін болатынын атап өтті.


"Мемлекет басшысы жастарды қолдауға және мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта облысымызда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі - кітапханаларды жаңғырту. Біздің өңірдегі кітапханаларды модернизациялау мен оларды қауымдастық орталықтарына айналдыруды "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырды. Сонымен қатар, "TANA" қоғамдық қоры оқырмандар үшін заманауи технологиялармен жабдықталған жайлы орта құрды. Мұнда жастарымыз жаңа білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларын жүзеге асыра алады", - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.


2025 жылдың соңына дейін 9 мың шаршы метр кітапхана ғимараттары қайта жаңғыртылады, 100-ден астам кітапханашы қайта даярлаудан өтеді. "Қазақстан халқына" қоры кітапханаларды жабдықтауға және кітап қорын жаңартуға 797 миллион теңге бөледі. Переметное және Дариян ауылдарындағы кітапханаларды жабдықтауға бюджет 34 миллион теңгені құрады.

"Жоба ауыл кітапханаларын заманауи қауымдастық орталықтарына айналдыруға, олардың дәстүрлі функцияларын сақтай отырып, мәдени бағдарламаларын байытуға және барлық жастағы тұрғындарға арналған тартымды орталықтар құруға бағытталған. Біз үшін бұл жобаға тұрғындардың өздері де "асар" дәстүрі бойынша қатысқаны өте маңызды", – деп атап өтті "Қазақстан халқына" қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева.

"TANA" қоры мәдениет, білім және тұрақты даму салаларында жұмыс істейді. Ұйым кітапханаларды қолдау, білім беру бастамалары мен мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларды жүзеге асырады. Қордың басты мақсаты - жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру сапасын жақсарту.

"Ауыл кітапханаларын жаңғырту – бұл болашаққа жасалған қадам. Біз әр тұрғын, жасынан кәрісіне дейін, заманауи технологиялар мен білімге, мәдениетке қол жеткізу үшін заманауи кеңістіктер жасаймыз. Кітапханалар сұранысқа ие қоғамдық орындарға айналып, әр адам үшін білімнен бастап шығармашылық мүмкіндіктерге дейін құнды нәрсе ұсынады. Біз бұл жобаны Қазақстанның басқа аймақтарында жалғастыруды көздеп отырмыз және әрқашан табысты ынтымақтастыққа ашықпыз", - деді "TANA" қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова.

Жақын арада кітапханашыларды жетекші оқу орындарымен серіктестік аясында оқыту жоспарлануда. Жаңартылған қауымдастық орталықтары ауылдық қауымдастықтарды тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл адамдардың өз туған жерлерінде қалып, мәдениетке, білімге және технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Серена Уильямс

Еще одна жертва: теннисистку Серену Уильямс заподозрили в зависимости от «Оземпика»






Незаконное коммерческое здание демонтировали в поселении Московский

Организаторы «наркоплантаций» из Подмосковья получили тюремный срок

Две московские пары поженились под водой в аквариуме

Правительство России поддержало продление программы маткапитала до 2030 года