Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сириядан қашқан Асадтың мәлімдемесі жарияланды

0
Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың Ресейге қашып кеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесі жарияланды. Мәлімдеме оның telegram-арнасында ағылшын және араб тілінде жазылған.


Мәлімдемеде Асадтың 8 желтоқсан күні таңға дейін Дамаскіде қалғаны, исламшыл күштер қалаға жақын қалғанда Асадтың Ресейдің Хмеймим әуе базасына барғаны айтылған. 8 желтоқсан кешке ол жерден Мәскеуге ұшып кеткен. Асадтың хабарлауынша, Мәскеу Сирияның экс-президентіне Ресейге жедел аттануды ұсынған.




Мәлімдемесінде Асад Сирияда үкіметке қарсы топтар Дамаскіге беттеп келе жатқанда қызметтен кету және елден қашу мәселесін қарастырмағанын айтқан.


"Мемлекет террористер қолына түскенде, кез келген қызметтің мәні болмайды, бұл оның ісін мағынасыз етеді", – деді Асад. Ол Сирия "қайтадан еркін және тәуелсіз болады" деп үміттенетінін айтқан.


Мәлімдеме 16 желтоқсанда Мәскеуде жарияланған деп көрсетілген.


Ресейдің Башар Асадты Сириядан қашуға көндіргенін өткен аптада Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп хабарлаған. Олардың ақпаратынша, Асад Сириядан дереу кетуге келіскеннен кейін елден шығуды 8 желтоқсанға қараған түні Ресейдің арнайы қызметі ұйымдастырған. Сол күні кешке Ресей билігі Асад пен оның отбасы Ресейден пана алғанын мәлімдеді.


Ресей Сириядағы азамат соғысына Асад жағында араласты, Сирияда Ресейдің әскери базалары орналасқан. Ресей президенті Владимир Путин әзірге Асад режимі құлағанына байланысты пікір білдірген жоқ. АҚШ президенті Джо Байден бұған Иран мен Ресейдің әлсірегені әсер еткен болуы мүмкін деді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елена Рыбакина начала подготовку к сезону с новым тренером. Фото






Глава центра «Вектор» Агафонов оценил перспективы победы над ВИЧ

Совет по туризму с Русских: названы самые яркие события уходящего года

Беременным студенткам в Калужской области будут выплачивать 100 тысяч рублей

Овчинский: 13 детских организаций открыли на первых этажах домов по реновации