Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Еуроодақ Грузияның дипломатиялық паспорты иесіне енгізген визасыз режимді жоймақ

0
Еуроодақ Грузияның дипломатиялық паспорт иесіне бұған дейін енгізілген визасыз режим тәртібін алып тастамақ, бұған елдегі кейінгі оқиғалар мен биліктегі "Грузин арманы" партиясының саясаты түрткі болған. Азат Еуропа/Азаттық Радиосы тілшісінің хабарлауынша, мұндай шешімді Еуроодақ сыртқы істер министрлері 16 желтоқсанда Брюссельде өткен кездесуде қабылдаған.


Министрлер бұл шешімді іске асыруға байланысты Еурокомиссияға жүгінді. Reuters сілтеген дипломаттардың бірі бұл шараның мақсаты – Грузия басшылығы мүшелеріне әсер ету деді. Ал елдің қарапайым азаматтары Еуроодаққа визасыз кіре алады.


Еуроодақтың бірқатар елі Грузияда демократия нормалары мен адам құқығын бұзатын бірнеше заң қабылданғанына, кейінгі парламент сайлауында болған заңсыздықтарға және Еуропа одағымен интеграция келіссөзін кейінге қалдыра тұру жайлы үкімет шешіміне наразылық білдірген халыққа күш қолдануына байланысты ресми Тбилисиге санкция салуды ұсынды. Венгрия мен Словакия санкция енгізуге қарсы болды. Визасыз кіру мәселесін шешуге Еуроодақтың 15 елінен қолдау жеткілікті болған. Ал санкция салуға бірауыздан қолдау қажет.


Еуроодақтың сыртқы саясат мекемесінің басшысы Кая Каллас Грузияда кейінгі болған оқиғалар Тбилисидің бағдары Еуропа одағына қосылуға үміткер ел жүретін бағытта емес екенін көрсетті деді.




Азаттықтың Грузин қызметі елде дипломатиялық паспорты бар адамдарды тізіп шықты. Онда жоғары лауазымды тұлғалар, парламент депутаттары және жоғары лауазымды шенеуніктер бар.



Грузиядағы жаппай наразылық елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе 28 қарашада Тбилиси 2028 жылдың аяғына дейін Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзді тоқтата тұрғанды жөн көреді және Еуроодақ гранттарынан бас тартады деп хабарлағаннан кейін басталған. Премьер Грузия билігі өз мақсатына адал болып қала береді, Тбилиси 2030 жылға қарай Еуроодаққа қосылуға дайын болады деді. Оппозиция мен оның жақтастары билікте отырған партия осылай елдің Батысқа қарай даму бағытын өзгертуге және Грузияны Ресейдің ықпал ету орбитасына қайтаруға тырысып жатыр деп санайды. Тбилисиде 28 қарашадан бері наразылық өтіп жатыр. Алғашқы күндері полиция шеруді күшпен таратып, жүздеген адамды ұстады.
Оппозиция Грузияда қазан айында өткен парламент сайлауын бұрмаланған деп есептейді. Еуроодақтан сайлау нәтижесін мойындамау туралы нақты мәлімдеме болған жоқ.
"Грузин арманы" үкіметі елде "сыртқы ықпалдың ашықтығы туралы", шетелден қаржыландыруды алатын үкіметтік емес ұйымдар қызметін шектеуге және "ЛГБТ насихатына" тыйым салуға бағытталған заңдар қабылдауға бастамашы болған. Еуроодақ бұған байланысты сын айтқан.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Ник Кирьос

Ник Кирьос: когда возвращается, сыграет ли на Australian Open — 2025, что сказал о Данииле Медведеве, Яннике Синнере






Специалисты комбината питания напомнили о важности молочных продуктов в рационе дошкольников

Эксперт Дембикова: при выборе образа важно отталкиваться от собственного стиля

Орловчане могут отправить новогодние письма из Национального центра «Россия»

"Нанимала людей, чтобы за ним следили". Продюсер Анны Седоковой заявил, что Янис Тимма изменял ей