Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрирға" қатысы бар деген күдікпен 22 адам ұсталды
Ведомствоның хабарлауынша, осылайша бірнеше жыл бойы халық арасында "деструктивті идеологияны насихаттаумен" айналысқан "Хизб ут-Тахрирдың" ірі желісі жойылған".
Құқық қорғау органдары көп экстремистік әдебиет, компьютерлік, көшірме техникаларды, дрондарды тәркілегінін айтты. ҰҚМК-ның түсіндіруінше, дронды күдіктілер "құқық қорғау органдарының әрекеттерін бақылау үшін қолданған" болуы мүмкін.
Күдіктілер тергеу изоляторына қамалған.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің жазуынша, 2024 жылы Жалалабад облысы Бек-Абад ауылында белгісіз біреулер екі мектеп пен әкімдікте ілініп тұрған Қырғызстан туын өртеп, олардың орнына араб тілінде жазылған ақ матаны ілген. ҰҚМК сол кезде "Хизб ут-Тахрирға" қатысы бар деген күдікпен аталған ауылдың алты тұрғынын ұстағанын хабарлаған. Олардың ту өртеуге қатысы бар, жоғы белгісіз.
Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" қызметіне 2003 жылғы сот шешімімен тыйым салынған.