Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 миллион басқа жетті
Өңір басшының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і осы жылы іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы.
"Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның 4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады", - деді баяндамасында Бейбіт Исабаев.