Қазақстанда жарты миллион долларды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Жылдың басынан бері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 дерегі анықталған.
"Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуро болады. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген", - делінген хабарламада.
Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 дерегін анықтаған.
"Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:
марихуана/каннабис – 5,2 келі. (20 факт); гашиш/гашиш майы – 11,5 келі. (11 факт); көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!