Семейге жаңа әкім тағайындалды
Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Тағайындауға дейін Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған.
Бұған дейін Семей қаласының әкімі қызметін Нұрбол Нұрсағатов атқарған. Ол бұл лауазымда 2022 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!