Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Тоқаев АЭС құрылысын тездету жайын айтты

0
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 желтоқсанда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, елдегі атом электр станциясының құрылысын тездетудің маңызын айтқан. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.


Сәтқалиев энергетика министрлігінің жұмысы, елдегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалар жөнінде есеп берген.


Ақорданың хабарлауынша, Сәтқалиев Тоқаевқа елдегі жылыту маусымы қалай жүріп жатқанын айтқан. Тоқаев жылыту маусымын бақылауда ұстауды, энергетика инфрақұрылымын жаңартуға байланысты жобаларды іске асыруды тапсырған.




Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда биыл 6 қазанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген. Астана АЭС салу бойынша Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компанияларын қарастырып жатыр.


Алмасадам Сәтқалиев Францияға, Оңтүстік Кореяға, Қытайға ресми сапармен барып, энергетика саласындағы мамандармен, компания өкілдерімен жолыққан. Тараптар Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасына қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.


Биыл қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапарында Тоқаевпен АЭС туралы талқылағанын айтқан. Оның сөзінше, Ресей Қазақстанмен осы бағытта әріптестік орнатуы әбден мүмкін. Путин "Росатомды" мақтап, қазір ол көптеген елде АЭС салып жатыр деді.




Энергетика министрлігі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында қуаты 2-ден 2,8 гигаваттқа дейін болатын атом электр станциясының құрылысы қаралып жатыр, сондай-ақ компаниялармен келіссөз жүріп жатыр, үкіметаралық комиссия құрылды деді.


Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі, бұл металл АЭС-ке отын ретінде пайдаланылады.


Елде АЭС бойынша халық пікірі әртүрлі. АЭС салуды жақтаушылар негізінен энергия тапшылығын алға тартса, АЭС-ке қарсылар атом станциясының қоршаған ортаға әсері мен өзге елдің технологиясына тәуелділік артуы мүмкін дейді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Соболенко прибыла на первый турнир 2025 года после решения Рыбакиной






Будущее за передовой наукой и инженерной школой

Элитное жилье стало еще дороже // Аренда такой недвижимости растет вслед за спросом

Россия перевооружила дивизию МБР самыми быстрыми в мире боеголовками: арсенал гиперзвуковых планирующих блоков Авангард растет

Машинист на полном ходу выпрыгнул из кабины поезда во Франции