Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Жасанды интеллект мемлекеттік қызметкерлерді “жұмыстан шығара“ бастайды

0

Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мемлекеттік қызметшілер санының жасанды интеллектті енгізу нәтижесінде қысқару ықтималдығы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірден айтайын: қанша қызметкер қысқарады – нақты болжам жоқ. Бірақ мұнда түсіну қажет, жасанды интеллект технологиялары алдымен қызметкерлерді қайталанатын міндеттерден босатып, олардың интеллектуалды, шығармашылық, стратегиялық жұмысқа көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Яғни, адам ақыл-ойы қажет қызметтерде," – деді Мадиев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруды көздейді.

"Оны 20-30 пайызға дейін қысқарту мүмкіндігі туралы айтуға болады, қазір осындай есептеулер жүргізіп жатырмыз. Колл-орталықтар және т.б. салаларда. Себебі, осы қызметкерлердің орнын жасанды интеллект алмастырып, қоңырауларды қабылдайды, қажетті жауаптарды береді, анықтамалар жіберіп, хабарламалар жібереді," – деді цифрландыру министрі.

Бұл мәселеге қатысты пікірін қаржы вице-министрі Асет Тұрысов та білдірді.

"Қазіргі уақытта қолмен жасалатын көптеген жұмыс жасанды интеллект көмегімен жылдамырақ әрі тиімдірек орындалады. Бірақ, дұрыс айтқаныңыздай, кейбір жағдайларда оңтайландыру мәселесі туындайды. Бірақ менің ойымша, мемлекеттік қызметшілердің қайта бағытталуы болатындығына сенімдімін," – деп түйіндеді Турысов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Карлос Алькарас сыграет на турнире ATP-500 в Дохе, куда заявлены ещё шесть игроков топ-10






Сотрудники федерального оперативного штаба по борьбе с инфекцией сообщили о статистике заболевании коронавирусом

"Обращайся хоть к Грузии, хоть к России, хоть на Марс": Что сейчас происходит в Абхазии

Как провести каникулы с пользой

Отходы в красивой банке: названы марки кофе, которые лучше не покупать даже по большой скидке