Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Ақтаудағы ұшақ апатында зардап шеккендер арнайы рейспен Әзербайжанға жеткізілмек

0
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың денесі жуық арада Бакуға жеткізіледі деп хабарлады Әзербайжан төтенше жағдай министрлігі. Бұл жөнінде Қазақпарат жазды. 


Бұған қоса, апаттан зардап шеккендерді тасымалдау үшін арнайы рейс те қарастырылған. Алайда Azerbaijan Airlines әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана зардап шеккендер Бакуға әкетілмек.  


Бір күн бұрын Бакудан Грозныйға қарай ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer-190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 67 адам болды: экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған. 


Әуе апатынан 38 адам қаза болды, 29 адам тірі қалған. Олар Ақтаудағы ауруханаға жатқызылған, жеті адамның жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. 


Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған, үкімет комиссиясы құрылған. Апат себебіне байланысты әзірге, тек болжамдар айтылып жатыр. 


Грозный әуежайы қалың тұманға байланысты ұшақты Махачкалаға жіберген, одан әрі ол Ақтауға жіберілген. Ресейдің әуе транспорты агенттігі әуе апатына «ұшаққа құстардың соғылуы» себеп болған деді. Ұшақ құлай сала оның салонында әлдебір баллон жарылды деген де долбар шықты, бірақ кейін ол туралы ешқандай түсініктеме болмады.


Әзербайжандық телеграм-арналары Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушы ұшағының артқы бөлігінің видеосын жариялап, құйрық жағында шұрық-тесік көп екенін айтып жатыр. Әзірге олардың неден пайда болғаны белгісіз.


25 желтоқсан кешке үкімет комиссиясының жетекшісі Қанат Бозымбаев ұшақ апатына қатысты тіпті алдын ала тұжырым жасау мүмкін емес деп мәлімдеген. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анна Калинская

Калинская: Я очень ждала Australian Open, но подхватила какой-то вирус






В «Ленкоме» объяснили, почему из фойе театра убрали портрет Певцова

Евгения Добровольская не смогла приехать на похороны своего первого мужа

«Вчера мне сообщили, что на сцене „Ленкома“ я больше быть не должна»: вслед за Певцовым театр избавляется от Захаровой

Размещение серверов в ЦОД резко подорожало в России за прошлый год