Жамбыл облысында шөп астынан 100 кг марихуана анықталды
Бұл қызметкерлердің бірі уақытша тұрған шаруа қожалығының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықталды.
"Жауап алу кезінде ол есірткінің шаруа қожалығының иесіне тиесілі екенін түсіндірді. Оның өзі бұған дейін Қарағандыда есірткі заттарын ірі көлемде сақтады және тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі Медет Смағұлов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!