Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 179 адам қаза болды
Өрт сөндірушілер екі адамды ғана құтқара алған: бір жолаушы және экипаж мүшесі.
Ақпаратқа қарағанда, Boeing 737-800 ұшағы Jeju Air әуе компаниясына тиесілі. Ұшақ Сеулдің оңтүстік-батысындағы Муан әуежайына қонбақ болған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылып бағытынан ауытқып кеткен болуы мүмкін. Мамандар ауа райының да әсерін зерттеп жатыр. Тергеу басталған.