Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Адвокаттар Жанна Оразбақова мен Ғабит Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

0
Адвокаттар Жанна Оразбақова мен Ғабит Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі. 


"Бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық істердегі адвокаттар О және Б. есімді азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды" деп жазылған Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Ақпаратқа қарағанда, адвокаттар "тергеу барысы жөнінде ақпаратты" БАҚ және әлеуметтік желі арқылы таратқан-мыс. 


Жанна Оразбақова мен Ғабит Бекетаев және Сәуле Кабжанова Bazis-A компаниясының негізін қалаушы, миллионер Александр Беловичтің бұрынғы әйелі Лилия Аношинаның адвокаты.


Alfa Stom стоматология клиникалар желісінің иесі Лилия Аношина мен оның бизнесін басқарушы Татьяна Белова алаяқтық бабымен күдікке ілінген. 


Лилия Аношинаға қарсы арызды бұрынғы күйеуі Александр Белович жазған.


Бұған дейін Жанна Оразбақова мен Лилия Аношина өздеріне қарсы жалған ақпараттық кампаниясы ұйымдастырылғанын мәлімдеген. Жанна Оразбақова өзінің Instagram парақшасында "қылмыстық іс материалдарын әлі көрген де жоқпын, танысқан да жоқпын, оны қалай жариялай аламын?" деп жазды. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Мирра Андреева ответила, есть ли у неё подруги в WTA-туре






Диковинное племя

Социальные выплаты вырастут в России с 1 февраля

ЦСКА обыграл «Сибирь» в серии буллитов со счетом 4:3 в матче КХЛ

Россияне встретили первую половину января 2025 г. с годовой инфляцией в 10%. И что ждать гражданам дальше?