Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Аэрофобия деген не? Ұшаққа мінуге жүрексініп қалғандарға кеңес

0

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін көп адам ұшаққа мінуден жүрексініп қалғанын айтады. Бұл фобияның атауы бар - аэрофобия. Оның белгілері мен себептері қандай? Massaget.kz анықтап көрді. Аэрофобия - бұл ұшудан немесе әуе кемесімен саяхаттаудан қатты қорқу. Бұл қорқыныш психологиялық күйзеліске әкеліп, адамның ұшаққа отырудан бас тартуына немесе тіпті ұшуды ойлаудың өзінен мазасыздануына себеп болуы мүмкін.
Аэрофобияның белгілері
Аэрофобиясы бар адамдар әртүрлі деңгейде қорқыныш сезінуі мүмкін. Оның негізгі белгілері:

Ұшар алдында мазасыздық, үрей немесе дүрбелеңге түсу.
Терлеу, жүректің қатты соғуы, тыныстың тарылуы.
Басы айналу немесе жүрек айныуы.Қатты уайымдау немесе ұшақ апаты болатынына сенімді болу.Ұшаққа отырудан бас тарту.

Аэрофобияның себептері

Жағымсыз тәжірибе: Бұрын ұшу кезінде болған қиындықтар (мысалы, қатты турбулент немесе апаттық жағдай).
Ақпараттың әсері: Ұшақ апаттары туралы жаңалықтар мен фильмдерден қорқыныш сезіну.
Басқа фобиялар: Биіктен қорқу (акрофобия), жабық кеңістіктен қорқу (клаустрофобия).
Жағдайды бақылай алмау: Ұшақта болып жатқан жағдайларға ықпал ете алмау сезімі.

Аэрофобияны қалай жеңуге болады?

Ақпарат алу: Ұшақтардың қауіпсіздік деңгейі туралы сенімді деректермен танысыңыз. Ұшақ - көлік түрлерінің ішіндегі ең қауіпсізі.
Тыныс алу жаттығулары: Мазасыздықты азайту үшін баяу және терең тыныс алыңыз.
Психологиялық қолдау: Қорқынышпен жұмыс істеуге көмектесетін психологқа жүгініңіз.
Медитация және релаксация: Жүйке жүйесін тыныштандыратын әдістерді қолданыңыз.
Дәрі-дәрмек: Кейбір жағдайларда дәрігерлер тыныштандыратын препараттарды ұсынуы мүмкін.

Егер аэрофобия өміріңізге кедергі келтірсе, маманнан көмек сұрау өте маңызды. 




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Новак Джокович

«Очень нравится». Новак Джокович сделал признание о Елене Рыбакиной






Росгвардейцы эвакуировали трех граждан из задымленной квартиры в Тамбове

Жители Татарстана смогут увидеть первый в новом году звездопад — Квадрантиды

Ушла из жизни Инна Выходцева: 165 ролей в кино и озвучка мировых звезд

Захарова: Иностранцы боятся российских женщин из-за красоты