2022 жылы 5 қаңтар түнде Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Алғашында олар "жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейіннен "айып дәлелденбей", іс қысқарып, "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне ілінді. Олардың өліміне байланысты іс те тоқтатылған.